Софиядан – 22 жүлде

Софиядан – 22 жүлде

Софияда самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы кезекті әлем чемпионаты аяқталды. Онда қазақтың бозбалалары мен бойжеткен­дері, өскелең қыздары мен ұлдары жалпы саны 4 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль олжалады.
Алайда бұл жетістік өткен жылғымен салыстырғанда төмен. Былтыр жерлес­теріміз 5 алтын жеңіп алған. Енді Болгария астанасындағы жүлделерімізге тоқталсақ.
Жасөспірімдер арасындағы 87 келі салмақ дәрежесінде белдескен Никита Азаров жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. 70 келі салмақта грузин бал­уанынан ұтылған Жамалбек Асылбек екінші орынға ие болды. Ал Бағлан Әбді­ра­зақ (48 келі), Азат Дойдиев (56 келі) және Мақсат Исақабылов (81 келі) сынды жеткіншектеріміз үшінші орынды иеленді.
Қыздар арасындағы белдесулерде Шаттыгүл Дүйсенғалиева (40 келі), Айжан Жылқыбаева (48 келі), Зере Бектасқызы (70 келі) үшеуі қола медаль еншіледі.
Жастар арасындағы 48 келіде Дін­мұхаммед Серіков әлем чемпионы атанды. Ол финалда моңғол жігітін жеңді. 65 ке­ліде бақ сынған Болатбек Райымқұлов күміспен күптелді. Ол финалда Ресей самбошысынан ұтылып қалды. Осыдан екі жыл бұрын жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған ағадырлық Айдын Дартаев 74 келі салмақтың финалдық белдесуінде өзбек балуанына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ 90 келідегі ақтық белдесуде Тәжікстан талантынан ұтылған Айбол Айтбек те, 100 келі салмақтағы Ресей балуанынан жеңілген Сұңғат Махамбет те екінші орынмен «шектелді». 62 келіде күрескен Нұрбол Серіков пен 68 келіде белдескен Жансай Смағұлов үшінші орынды иеленісті.
Бойжеткендер арасындағы 44 келіде Динара Ысқақова алтынмен апталып, финалда ресейлік Сабина Гилязованы қапы қалдырды. 52 келі салмақтағы өте шиеленісті өткен финалдық белдесуде кілем иесінен басым түскен Гаухар Тұрмаханова да әлем чемпионы атанды. Ал 48 келіде бақ сынаған Жансая Жа­с­ұзақова күміспен күптелсе, Алина Щер­бакова (65 келі), Мөлдір Нұрланбек (75 келі) және Әсел Қазиева (80 келі) сынды аруларымыз қола жүлдегер атанып қайтты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста