Аралас жекпе-жектің қахақстандық шебері Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, Азат UFC on ESPN 49 (UFC Vegas 77) турнирінде америкалық Тайсон Нэмді (21-14-1) төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
"Бұл менің ғана емес, бүкіл қазақ халқының жеңісі. Олар менің айқасымды, жеңісімді тамашлау үшін таң атпай тұрды. Осы үшін алғысымды білдіремін. Әлбетте UFC-дегі алғашқы айқасымды жеңістен бастағаным маңызды.
Мен әлі бар мүмкіндігімді көрсеткен жоқпын. Келесі жекпе-жекте көбірек дүние көрсете аларыма сенемін. Әр айқас айын ашыла түсемін. Менің қолымнан келетіннің әлі жартысын да көрмедіңіздер. Жаратқанның көмегімен мен осы дивизионда чемпион боламын", - дейді Азат.
Айта кетейік, Азат осы жеңісі арқасында белгілі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жекпе-жектер статистикасымен теңесті.