22 жастағы аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Сора Рахмонова 29 қаңтар NFC 28 турнирінде кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жекпе-жегін өкізеді. Vesti.kz Шавкат Рахмоновтың қарндасы туралы баяндайды.
 
Рахмонова ММА бойынша Қазақстан және Азия чемпионы, грэпплингте де жетістігі бар, ал 2019 жылы қолма-қол ұрыстан әлемм чемпионы да болған. Сора өте жеңіл дивизионда 61,2 келіде өнер көрсетеді.
 
 
Ең ірі Sherdog платформасында Рахмонованың ресми профилінде Сора әуесқойда төрт рет жеңіп, екі рет жеңілгені көрсетілген. Жеңілісі де тек төрешілер шешімі бойынша.
 
 
Ал оның кәсіпқойдағы бірінші қарсыласы 26 жастағы қырғызстандық Бегайым Акбалаева (1-3), ол панкратионнан әлем және бокстан ел чемпионы екен. Рахмонованың кәсіпқойдағы дебюті 29 қаңтар Алматыда өтетін Naiza Fighting Championship - NFC 28 турниірнде болады.
 
 
Еске салайық, Сораның ағасы Шавкат UFC-дегі дебютін жеңістен бастады.