Қазақстандық файтер Асу Алмабаев ресейлік журналист Игорь Лазоринге сұхбат берді. Әңгіме барысында спортшы отандасы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
- Асу, жекпе-жектерден хабары бар адам ретінде, Шавкат Рахмоновтың келесіде кіммен айқасқанын көргің келеді?
- Кімді берсе, ол сонымен жұдырықтасады. Ол ешкімге айтпайды. Кез келген қарсыласпен айқаса береді. Шавкат тамыз айында жұдырықтасқысы келеді. Жаттығу жиынын өткізу оңай емес. Дайындала бастағанда, менеджерлер де қозғалады, лига да жұмыс істейді, ал қарсылас бәрібір табылады. Әр айқастан кейін қайта жаттығуға кірісу маңызды.
Еске салайық, Рахмонов кейінгі рет UFC-де 4 наурыз Лас-Вегаста жұдырықтасып, үшінші раундта америкалық Джефф Нилді жеңген болатын.