UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) бір клубта жаттығатын отандасы Фаниль Рафиковке (21-6) үн қатты. "Қазақстандық МакГрегор" лақап атты спортшы жуырда жаңа лигада жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
1 маусымда Рафиков ресейлік "Наше дело" лигасында жергілікті Мири Садыговпен (7-4-1) жұдырықтасады.
"Бауырымыз Фанил Рафиков 1 маусым Мәскеуде "Наше Дело" лигасында бірінші жекпе-жегін өткізеді. Фаниль саған сәттілік тілеймін, ноғайдың нағыз рухын бәріне паш ет", - дейді Шавкат.