Алматыда еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир аяқталды.
Бұл турнир КСРО біріншілігінің жеңімпазы, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Шаңырақ» дарынды балалар спорт мектебінің директоры Асқарбек Иманқұловтың жүлдесі үшін өткен болатын. Алпысқа толған Асқарбек ағамыздың мерейтойына арналған-ды.
«Турнир өте қызықты өтті. Әрі биылғы ел чемпионаты алдында балуандардың деңгейін байқап көру үшін таптырмайтын сын болды» дейді Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Нұрғали Рақманқұлов. Оның үстіне өзбек пен қырғыз ағайындарымыз да балғын балуандарын әкеліп, турнирдің мәртебесін өсіргендігін де тілге тиек етті, білікті маман.
Сонымен екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша өз салмақтарында мына балғын балуандар жеңімпаз атанды: Азамат Тойбек (Алматы қаласы, 46 келі), Айтуған Жанжігітов («Шаңырақ» спорт мектебі, 48 келі), Қайрат Әміртаев («Шаңырақ» спорт мектебі, 50 келі), Қанат Баспаев (Атырау облысы, 54 келі ), Ілияс Жұмай («Шаңырақ» спорт мектебі, 58 келі), Александр Гольцман («Шаңырақ» спорт мектебі, 63 келі), Азамат Дәулетбеков (ШҚО, 69 келі), Әлім Уатқан (Алматы облысы, 76 келі), Ғани Тоқымбеков («Шаңырақ» спорт мектебі, 85 келі), Данияр Айсекенов (Атырау облысы, 100 келі).
«Шаңырақтың» таланттары басшыларын қуантты
Последние статьи автора