Қазақстанда шана спортын дамыту және қайта жандандыру қолға алынатын болды.
Жақында шана спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалып, бұл қызметке алматылық Александр Старков бекітілді. Жаңа тағайындалған маман тек шана спортына ғана емес, шана спорты, бобслей және скелетон деп аталатын мұз үстімен шанамен және бобпен сырғанайтын (зулайтын) спорт түрлеріне бас бапкер болып тағайындалды. Оның алдына қойылған мақсат – біздің спортшылар осы спорт түрлерінен Сочи Олимпиадасына қатысулары керек. Бас бапкер үшін алғашқы сын 2012 жылы Инсбрукте өтетін жасөспірімдер арасындағы бірінші қысқы Олимпиада ойындары болмақ.
Қосарымыз, үшеуі де – сарапқа салынатын жүлделері көп спорт түрлері.
Шана спортын дамытамыз
Последние статьи автора