Сабина Алтынбекова Елбасымен кездесті

Сабина Алтынбекова Елбасымен кездесті

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық қыз-келіншектер күніне орай әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті. Бұл жиында Сұлулығымен «Сары құрлықты» тәнті етіп, Қазақстанды әлемге танытып жүрген волейболшы Сабина Алтынбекова да болды, деп жазады "Алаш айнасы" интернет-порталы.

Бұл жыл сайынғы дәстүрлі кездесу. Мемлекет басшысы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекет, қоғам өміріне белсенді араласып жүрген, өз кәсібінің білгірі, отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдермен кездесіп, оларды 8-наурыз мерекесімен құттықтайды.
Биылғы кездесуге сұлулығымен Азия жұртшылығын таң қалдырып жүрген волейболшы Сабина Алтынбекова да қатысты. Ол жиын кезінде Елбасыға алғысын айтып, қыз-келіншектер қауымын 8 наурыз - Халықаралық қыз-келіншектер мерекесімен құттықтады.
— Мен волейбол спортына 14 жасымда келдім. Міне, үш жыл болды Алматы клубының намысын қорғап келемін. Сіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында қазақстандық спортшылардың жақсылап дайындалып, жоғарғы көрсеткіш көрсетуіне барлық жағдай жасалып отыр. Бүгінде елімізде 4 миллионнан астам адам спортпен шұғылданады. Олардың шамамен жартысы халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап жүр. Қазақстанды қазір әлемнің барлық жерінде біледі. Барлық жерде «Астана» және «Назарбаев» дейді. Бұл сіздің көпжылдар бойы атқарған еңбегіңіздің жемісі. Барша Қазақстанның қыз-келіншектерін мерекемен құттықтаймын. Жақсылық, табыс тiлеймiн, өз мақсаттарыңызға жете берiңiздер , - дейді жиын барысында сөз алған Сабина Алтынбекова.

Ал, өз кезегінде Елбасы волейболдың әдемі спорт екенін айтып, алдағы уақытта бұл спортты елімізде дамыту керек екенін жеткізді.

— Волейбол әдем спорттың түрі. Бүгінде елордада 12 мың жанкүйерге арналған хоккей аренасы соғылып жатыр. Сол жерден біз волейболшыларға да орын тауып береміз. Қазақстан бүгінде ауыр атлетика, бокс, күрес секілді спорттың түрінен әлемдегі көшбасшы державалардың қатарында. Бірақ, жеңіл атлетика мен волейболда артта қалып келеміз. Бұл олқылықтың орнын толтыру керек, - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста