Рыпакованың Олимпиададан кейінгі жетістіктері

Рыпакованың Олимпиададан кейінгі жетістіктері

Лондон Олимпиадасында ел абыройын асқақтатқан саңлақтарымыз туған елге келіп, қуаныштарын жерлестерімен бөлісіп, солардың ыстық ықыластарының шуағында тербеліп жүргенде жеңіл атлет Ольга Рыпакова Еуропаға аттанып, бір алтын, бір қола еншіледі.
Үш қарғып секіруден Лондон Олим­пиадасында алтынмен апталған чемпион қызымыз, яғни Ольга Рыпакова төрт жылда бір өтетін дүбірлі додадан кейін мүлде дем алған жоқ десек те болады. «Гауһар лига» додасының кезекті кезеңдік сындарына қатысу үшін Еуропаға аттанып, өткен аптада екі жүлде еншіледі.
Әуелі 23 тамыз күні Лозаннада өткен «Гауһар лига» додасының 11-кезеңдік сы­нында топ жарды. Швейцарияда Рыпакова 14,68 метр көрсеткішпен бірінші орынға ие болды. Рыпакова Лозаннада аса жоғары нәтиже көрсетпесе де, бұл көрсеткіш оның кезең жеңімпазы атануына молынан жетті. Тіпті Қазақстан жұлдызы соңғы мүм­кіндіктерінде өзінің осы көрсеткішінен асып түсуге тырыспағандай да. Екінші орынды украин Ольга Саладуха иеленсе (14,42 м), үшінші орын ресейлік Татьяна Лебедеваға бұйырды (14,39).
Бұдан соң Бирмингемге барып, 26 тамыз күні «Гауһар лига» додасының 12-кезеңдік сайысында бақ сынады. Үнемі жол үстінде жүрген Ольганың шар­шаңқырап қалғаны осы жолы байқалды. Бірінші мүмкіндігінде 14,34 метрге үш қарғып секірген Ольгамыз бұдан кейін осы көрсеткішінен аса алмады. Әйтсе де осы нәтижемен-ақ үшінші орынға ие болды. Украина қызы Ольга Саладуха – 14,40 метр нәтижемен, ал ямайкалық Ким­берли Уильямс 14,37 метр көр­сет­кішпен біздің Ольганың алдын орап кетті.
Ал біздің Ольга Рыпакованы 2012 жылғы «Гауһар лига» додасының жеңім­пазы атануымен әлден-ақ құттықтай беруімізге болады. Себебі әйелдер ара­сындағы үш қарғып секіру үздіктері үшін «Гауһар лига» додасының бір ғана кезеңдік сайысы қалды. Ал Ольга қорытынды есепте 16 ұпаймен өзгелерден қара үзіп кеткен. Екінші орындағы Саладуханың 10 ұпайы бар. Яғни ол 7 қыркүйекте Брюссельде өтетін «Гауһар лига» додасының кезекті кезеңінде топ жарса да, Рыпаковаға жете алмайды (әдетте кезең жеңімпазына төрт ұпай беріледі). Ал үшінші орындағы Кимберли Уильямстың алты-ақ ұпайы бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста