Қызығы мен шыжығы мол спорт журналистикасы

Қызығы мен шыжығы мол спорт журналистикасы

Біздің елде спорт журналистикасы қазақ және орыстілді болып бөлінеді. Мемлекеттік тілде қалам тартып жүрген спорт журналистерінің жағдайы кейінгі кезде ғана жақсарып келеді.
Біздің елде сонау заманнан бері (кеңес өкі­меті дәуірінен бері) қазақ тілінде шы­ға­тын бір-ақ спорттық газет болды. Оның өзі кейде орысша нұсқасымен бірге ба­сы­лып шығып, кейде өз алдына бөлек шығып, талай қиындықты басынан өткізді. Тәуел­сіз­дігіміздің алғашқы жылдары жағдайы болмай, бірде шығып, бірде шықпай қа­лып, «тар жол тайғақ кешудің» де керін кеш­ті. Содан кейін қай газеттің редакторы спорт­ты жақсы көрсе, сол басылымда спорт­ты насихаттау аса жоғары деңгейде жүргізілді. Бұл орайда, марқұм Сейдахмет Бердіқұл ағамыздың «Лениншіл жас» газетін басқарып тұрған жылдарын еске алсақ та, жарар.
Үлгі тұтар ағаларымыз да баршылық. Қазақ спорт журналистикасының атасы ре­тінде сол Сейдахмет Бердіқұл ағамызды атап өтсек, еш қателеспеспіз. Спорт жур­на­лисі болғысы келген жастарға айта­ры­мыз: «Сейд-ағаңды көп оқыңдар, ай­на­лайын­дар». Сейд-ағаңның шәкірті Несіп Жүніс­байұлы да – қазақтың спорт жур­налистикасы саласында өзіндік қолтаңбасы бар, ерекше жан. Республикалық «Спорт» га­зетінде табаны күректей 49 жыл еңбек еткен Сайын Тұрсынов ағамызды да ілтипатпен атап өту ләзім. Қыдырбек Рыс­бек ағамыз да тыңнан түлен тартқан та­лант­ты тілші болды. Одан кейін Бақтияр Тай­жан ағамыз намысты жанитын ма­қа­ла­ларымен жанкүйер көңілін жаулай бас­та­ды. Өкінішке қарай, Сайын аға – зейнетте, ал Нес-ағамыз, Қыдыр-ағамыз, Бақтияр аға­мыз, негізінен, спорт қайраткерлері бо­лып, әртүрлі қызметтерге ауысып кетті. Ал­дың­ғы буын ағаларымыздың жеңіл оқы­ла­тын, өзіңді бірден баурап әкететін ма­қа­лаларын сағынып жүргенімізді де жоққа шығармаймыз.
Қазақтілді спорт журналистерінің әу баста жағдайлары қиын болды. Жалақы аз, баспана жоқ. Әр спорт түріндегі фе­де­ра­ция басшыларының көбісі қазақтілді басылымдарды оқымайтындай. Жаз­ған­да­рының барлығы дерлік ескерусіз қалады. Тек тұрақты оқырмандар үшін аянбай ең­бек етіп, ел спортын насихаттауда адал қыз­мет етілді. Мысалы, мен 2000 жылдың алғашқы күндері республикалық «Спорт» газетінің шақыртуымен Алматыға келіп, жұмысқа тұрдым. Айына 11 мың теңге жалақы аламын. Оның бес мыңына пәтер емес, бөлме жалдап тұруға тура келді. Қалған алты мыңын қалай там-тұмдасаң да жетпейді. Осылай бірер жыл еңбек еттік. Сол кездегі әріптестерімнің де жағ­дайлары осыған ұқсас болды. Жалақы жет­песе де, тек Қазақстан спортын наси­хаттаумен болдық. Жаяу-жалпы шапқылап жүріп, Ал­матыдағы барлық спорттық жарыстар мен додаларға баруға тырыстық. Барып, өз көзіңмен көрмеген додалар туралы мақала жазуға басшылар рұқсат бермейді. Қазіргідей ұялы телефон мен интернеттің дәуірлеген заманы емес болатын. Осы орайда, осыдан алты жыл бұрын, 37 жа­сын­да көз жұмған әріптесім Дидар Тө­леуіш­ті қиыншылыққа қарамай, адал ең­бек еткен журналистердің бірі ретінде атап өткім келеді. Тілі майда, қа­ламы ұшқыр, ма­қалаларды тартымды етіп жаза білетін, 2003 жылы Сейдахмет Бер­ді­құлов атын­да­ғы сыйлықтың лауреаты атанған, ақ­кө­ңіл жігіт еді...
«Көш жүре түзелер» дегендей, қазіргі жағ­дай – бұрынғымыздан тәуір. Жалақы да өскен, журналистерге де жағдай жасала бастады. Баратын жеріңе редакция авто­кө­лікпен жеткізеді. Шүкір, тек ел спортын­дағы мемлекеттік тіл мәселесін, ұлт мүд­де­сін көтерсең, орыс тілді әріптестеріңнің «ұлт­шылсың» деп, жапа-тармағай бас сала­тындары болмаса...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста