Қыздар жүлдеге кенелтті

Қыздар жүлдеге кенелтті

Латвия астанасы Ригада самбодан жастар және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Осы бүкіләлемдік бі­рін­шілікте Қазақстан қыз-жі­гіт­те­рі төрт алтын, үш күміс және  10 қола медаль олжалап қайтты.
Былтыр Грузияда өткен әлем чем­пио­на­тында жалғыз алтынды қанағат қылған жер­лестеріміз бұл жолы былтырғы есені қай­тарды. Бірақ, бір қызығы, қол жеткізген төрт алтынның үшеуі – қыздарымыздың енші­сінде. Жігіттерден тек жастар арасында 48 келіде бақ сынаған Бейімбет Қанжанов қана алтын медаль жеңіп алды. Украина және Армения балуандарын ұтқан Бейім­бет финалда ресейлік Кондрат Енчиновтан басым түсіп, чемпион атанды.
74 келі салмақтағы Қазыбек Рамазанов күміспен күптелді. Франция, Моңғолия жә­не Украина балуандарын ұтқан жер­ле­сі­міз шешуші белдесуде ресейлік Денис Су­хановқа есе жіберді. Ал 57 келідегі Сы­рым Мейірманов үшінші орны алды.
Бойжеткендер арасында 44 келіде бел­дескен Динара Ысқақова әлем чем­пио­ны атанды. Ол финалда украиналық На­дежда Кретованы жеңді. Сондай-ақ 68 келі сал­мақ­тағы Дильбарам Өмірәлиева да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Самбошы қызымыз ақтық сында ресейлік Ольга Антошинаны ұтты. Ал Айдана Бала­па­нова (60 келі), Перизат Шәкірбекова (72 келі), Зарина Нүсіпбаева (80 келі) сын­ды қыздарымыз өз салмақтарында қола медаль иеленді.
Жасөспірімдер арасындағы бел­де­су­лерде де бірнеше жүлдеге қол жеткіздік. Қыздар арасында 52 келі салмақта бақ сы­на­ған Гүлдана Әлмұхамбетова финалда өз­бекстандық Малика Мирзоеваны ұтып, алтынмен апталды. Гүлайым Нұрмаханова (40 келі), Лейла Қанышбаева (48 келі), Гүл­мира Сағи (56 келі) және Мереке Құдай­бергенова сынды бойжеткендеріміз үшінші орын алды. Бозбалалар арасындағы 48 келіде белдескен Болатбек Райымқұлов финалда армениялық қарсыласына есе жіберіп, екінші орын алды. 60 және 75 келі салмақтардағы Нұрбол Серіков пен Шың­ғыс­хан Жақып қола медаль енші­ле­ді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста