Қытайдың алты дүркін чемпионы атанған қазақ

2008 жылдың 15-ші жұлдызы. Қытайдың астанасы Бейжіңде Жазғы Олимпиада ойындарының қызған шағы. Әзірше Қазақстан қоржынында бірде-бір алтын медаль жоқ. Медаль ала ма деп үміттенген қыз-жігіттер алтынға жетпей күміс, қоланы қанағат тұтуда. Өскеменнен келген Ольга Рыпакова төртінші орынды алған кезде қатты өкіндік. Ендігі үміт - боксшыларда.
Дәл сол күні Бейжіңнің салтанаты келіскен спорт сарайында Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев және Қытайдағы қандасымыз Қанат Ісләм рингке шығып, үшеуі де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Мен 15 күн бойы қазақтың батыр ұлы Әбілсейіт Айхановпен «Ю-Янг» деген жаңадан салынған қонақүйдің бір бөлмесінде жаттым. Жерлестеріміз сайысқа түсетін күні жұбымызды жазбай стадиондарға жүгіреміз. Сондай қуанышымыз қойнымызға сыймай тұрған сәттің бірінде жанымызға кең жауырынды, қыран тұмсық, жас мөлшері елуден асқан жігіт ағасы келіп сәлем берді.

- Ассалаумағалайкүм, Әбілсейіт аға! Сізді бір көрсем деп армандаушы едім. Дәл қазір ерекше бақыт құшағында тұрмын. Мен Шыңжаңның Үрімшісінен келдім. Айдархан Қабдоллаұлы деген ініңізбін,--деп арсалаңдап келіп Әбілсейіт ағаны құшағына алды.
- Шыңжаңда Айдархан деген қандасымыз тұрады, өзі Қытайдың дзюдодан алты дүркін чемпионы, университет профессоры деп естігенмін. Қазақ жастарын қазақша күреске де баулып жүр деп айтқан достарым. Келші, өзіңді құттықтап қояйын, - деп Айханов ағамыз отырған жерінен көтерілді. Таңғалғаным, Әбілсейіт аға бойымның ұзындығы 197 см, ал салмағым қазір 150 келі тартады деп ағынан жарылған. Анық байқадым, Айдарханның бойы сәл қысқа, денесі де Әбекеңе қарағанда шағын болғанымен, шымыр көрінді. Мұның алдында ғана атақты балуанымыз өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өткен.
Бір көрген біліс, екі көрген таныс дегендей, бұдан кейін де Айдарханмен жарыс өтіп жатқан ареналарда сан мәрте жолықтық. Бір риза болғанымыз, жанында төрт баланы сыйлаған өмірлік жары Хадиша бірге жүрді. Ол кісі мектепте ұстаздық еткен, жоғары дәрежелі ұстаз екен. Боксшы Бақыт Сәрсекбаев алтыннан алқа тағынғанда Айдархан қасымызға келіп, бізді құттықтады. Сол жолы Қытай құрамасы сапында жұдырықтасқан Қанат Ісләмнің де жұлдызы жанып, қола медальды иеленген еді. Бір әредікте Әбілсейіт аға, жанкүйерлер бар Қанатпен тілдескенімізде, ол ата-жұртқа қоныс аударғысы келетінін, Қазақстан азаматтығын алып, елдің намысын қорғағысы келетінін сездірген. Бірер жылдан кейін Қанат елге оралды, сан мәрте халықаралық жарыстарға қатысып, топ жарды. Алайда, талантты боксшы өз елінде өзін өгей сезінді, кәсіби боксқа ауысып кетті. Қанаттың әлі де бергенінен берері көп екенін ұмытпауымыз керек.

Жақында өзендер өрнектеген Өскеменде қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Кетбұқа ноян мен Төлегетай бабамызға ас беріліп, Құран хатым түсірілді. Қазақстанның бірнеше облыстарынан, тіпті шетелдерден келген қандастарымыздың арасында Айдархан Қабдоллаұлы да бар. Ол бізбен ескі таныстардай құшақ жая амандасты.
- Өскеменде достарым көп. Атақты бапкер Жанәділ Атаев, елімізде қол күресі мен гір спортының негізін қалаған, ересектер арасында қол күресінен Әлемнің және Азияның чемпионы Мұхамедолла Ағзамов Қытайдан келген қонақтарды қарсы алды, қошемет көрсетіп жатыр. Бабаларға арналған астың тәлім-тәрбие беретін өнегелі жақтары көп. Жаңа ғана атақты балуандарымыз Айбек пен Мұхиттың белдесуін көрдім. Қазақ күресінің құпиясын терең меңгерген екеуінің тәжірибесін кейінгі толқын жастарға үйретсе оң болар еді. Қазір қазақ күресімен әлемнің 50-ден астам мемлекеттері шұғылданады екен. Алайда, күрестің бұл түрін Олимпиада ойындары немесе Азия ойындары бағдарламасына енгізу үшін көп жұмыс жасау қажет. Тіпті алысқа бармай-ақ, өзбектің курашын алайық. Өзбек өз ағам демекші, олар ұлттық спорт түрін Азия чемпионатына енгізіп отыр. Ал біздің қазақ күресін алайық. Жапондар қазақ күресін өздерінің дзюдосынан кем көрмейді. Жамбасқа салып лақтыру, іштен шалу, басқа әдіс-тәсілдер қазақ күресінің мәртебесін арттыра бермек.
- Көрші елде қазақ күресін насихаттап жүр деп естіген едік. Газет оқырмандары сіз жайында білгісі келеді.
- Мен 1954 жылы Шыңжан-Ұйғыр автономиялы республикасына қарасты Алтай аймағының Сарысүмбе қаласында дүниеге келдім. Әкелеріміз аумалы-төкпелі заманда еріксіз осы жаққа қоныс аударыпты. Шыңжан мемлекеттік университетінде білім алып жүргенімде дзюдомен, қазақ күресімен шұғылдандым. Оны тәмамдаған соң бапкер болып, жастарды жаттықтыра бастадым. Шәкірттерім Адақ, Серік, Қаһарман, Берікбол дзюдодан өткен халықаралық жарыстарда топ жарды. Бұл салада 40 жыл еңбек етіп келемін. Отызға тарта спорт шеберін, жиырмадан астам Қытай елінің чемпиондарын баптадым. Қытайда төрт жылда бір рет спорттың барлық түрінен спартакиада өтіп тұрады. Оның деңгейі Әлем чемпионатымен бірдей деуге келеді. 2009 жылы өткен дүбірлі сайыста шәкірттерім Ерлан Кәтейұлы 62 келіде еркін күрестен чемпион атанды, ал 90 келі салмақта Қуатбек Бақытханұлы күміс алқаға ие болды, - деп Айдарбек біраз жайдан мағлұмат бере кетті.
Айдархан Қабдоллаұлы қазір дзюдодан үкіметтің бас бапкері болып қызмет етуде. Айдарханның қазақ күресін дамытуға сіңірген еңбегі ерекше. Шыңжаңда жыл сайын қазақ күресінен жарыстар өткізіп тұрады. Оған елімізден талантты спортшыларды шақырады. 1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай өткізілген Қарауылдағы ұлан-асыр тойға Айдархан ерекше сый жасады. Ол өз қалтасынан 50 мың АҚШ долларын салып, 500 жұп кимоно мен кроссовканы қазақ күресі федерациясына сыйға тартты. Атымтай жомарт азаматымыз бұдан кейін де сан мәрте қайырымдылық шараларына белсене араласты. Сол жылдары Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзев сияқты қазақ спортының танымал азаматтарымен бірге қазақ күресінің ережесіне өзгерістер енгізгені өз алдына бөлек әңгіме.
- 2013 жылы Қытайдың Гансу өлкесінің Ақсай ауданында қазақ күресінен тоғызыншы Азия чемпионаты өтті. Ал келесі жылы Семейде өткен оныншы Азия чемпионатында бас төреші болдым. Жақында ғана Қытайдың Алтай аймағында қазақ күресінен 11-ші Азия чемпионаты өтті. Оған шамам келгенше атсалыстым. Алтайға 19 мемлекеттен балуандар келіп, күш сынасты. Соңғы кезде Моңғолияның балуандары қазақ елінің қазақша күрес шеберлерін еңсере бастады. Соңғы кездері елдеріңізде өткен дүбірлі сайыстарда екінші орынға сырғып кеткендеріңіз, алға жылжу емес, кейінге шегінгенді аңғартса керек. Демек, қазақ күресінің беделін арттыру, оны Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізу үшін көп ізденіс қажет, - дейді Айдархан Қабдоллаұлы.
Айдархан Қабдоллаұлы қазір Шыңжан университетінің профессоры, Азия қазақ күресі федерациясы президентінің бірінші орынбасары қызметін атқарып жүр. Айдархан мен Хадишаның төрт баласы да жоғары білімді. Арай, Арыстан, Шолпан, Жайна деген ұл-қыздары өнегелі жастар. Арай қытай тілінде ән салудан дүниежүзі бойынша «Алтын медальды» жеңіп алды. Қалған балалары әр салада жемісті қызмет етуде. Міне, қилы тағдыр иесі, жат жұртта тұрса да жүрегі қазағым, елім деп соққан, қазағымды абыройға бөлеймін деп күндіз-түні шапқылап жүрген үлкен жүректі азамат Айдархан Қабдоллаұлының өнегелі жолдары осындай.
 didar-gazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста