"Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ". Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасады

"Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ". Бибісара Асаубаева күтпеген мәлімдеме жасады

Шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікпен қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті.

"Жансая Әбдімәлік ересектер арасындағы Әлем чемпионатында бірде-бір рет жеңіп көрмеді. Ол тек жасөспірімдер арасында ғана жеңіске жеткен. Қазақстандық шахматшылар арасында құрбыларым жоқ", - дейді спортшы. 

Спортшының анасы Лиана Таңжарықова Шахмат федерациясымен Бибісара Асаубаева арасындағы түсініспеушілік туралы айтты. 

"Былтыр мен түсінбейтінмін. Басқа шахматшылар жеңгенде Бибісара міндетті түрде оларды құттықтап отырады. Ал былтыр не болғанын түсінбедім. Ол тек Бибісараның жеңісі емес қой, Қазақстанның жеңісі ғой. Менің сұрақтарым пайда болды, әрине, мен шахмат әлемін түсіне бермеймін ғой. Сол кезде шахматтан басты бапкер Павел Коцурдан "неге бізді басқа шахматшылар, олардың ата-аналары құттықтамайды?" деп таңғалып сұрадым. Ол "сенің қызың басқа шахматшылардың арманын тартып алды", - деді ол. 

Еске салайық, биыл қаңтарда шахматтың блиц түрінен екі дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық жарыста әйгілі ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңгенін хабарлаған едік. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста