Оралда оза шапқандар

Оралда оза шапқандар

Оралда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен IV Халықтық спорт ойындары аяқталды. Жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысының спортшылары – бірінші, Қостанай облысы – екінші, ал Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынға ие болды.

Аталмыш дода спорттың 14 түрі бойынша өтті. Сондықтан барлық спорт түріндегі жүлдегерлерді тізіп шыға алмаймыз. Тек жеңімпаздардың есімдерін жария етуді жөн санап отырмыз.

Самбодан әйелдер арасында Айжарқын Ісләмова (48 келі, БҚО), Елена Пеннер (52 келі, Ақтөбе обл.), Алмагүл Орынғалиева (56 келі, БҚО), Алена Горбунова (60 келі, БҚО), Альмира Исатаева (64 келі, БҚО), Альбина Амангелдиева (68 келі, ОҚО), Перизат Жақыпбекова (72 келі, ОҚО), Әсел Қазиева (80 келі, БҚО), Анар Сейтімова (+80 келі, Ақтөбе) топ жарды. Ерлер арасында 74 келі салмақтан басқасының барлығында оралдық самбошылар бірінші орын алды: Медет Ондағанов (48 келі, БҚО), Асхат Шайхиев (57 келі, БҚО), Бағдат Жарылғасов (62 келі, БҚО), Айбек Ғабдешов (68 келі, БҚО), Мадияр Байсуақов (74 келі, Алматы), Саят Шәмшиев (82 келі, БҚО), Орынбасар Жармағамбетов (90 келі, БҚО), Еділ Үсенов (100 келі, БҚО), Сұңғат Махамбетов (+100 келі, БҚО). Командалық есепте Батыс Қазақстан облысының командасы бірінші орынға ие болып, жүлделі орындарды Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары өзара бөлісті.

Қазақ күресінде мына жігіттер бірінші орынға ие болды: Руслан Үсенбеков (54 келі, Қызылорда), Дамир Әлімбаев (60 келі, Қарағанды), Абылай Бошқайтегі (66 келі, Жамбыл), Бақтыбай Қисықов (74 келі, Ақтөбе), Нұрлан Жамалов (82 келі, Ақмола), Жасұлан Досымов (90 келі, Қызылорда), Руслан Әбдіразақов (+90 келі, Қызылорда). Түйе балуан – Руслан Әбдіразақов (Қызылорда). Командалық есепте Қызылорда облысы үздік шығып, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары екінші-үшінші орындарды иеленді.

Тоғызқұмалақ тақтасында ерлер мен әйелдер екі жас мөлшері бойынша жеңімпаздарды анықтады. 30 жасқа дейінгілер арасында Әсет Рыспанбетов (Ақмола) пен Диана Кенина (Павлодар) бірінші орын алса, 30 жастан жоғары тоғызқұмалақшылар арасында Медет Құсайынов (Ақтөбе) пен Айнұр Молдахметова (Алматы) жеңімпаз атанды. Командалық есепте Алматы облысы үздік шығып, БҚО және Павлодар облысы жүлделі орындарға ілікті.

Шахматшылар арасында Гүлісхан Нақбаева (ОҚО) мен Азамат Өтеғалиев (БҚО) озық шықты. Сонымен қатар шахматшылар бір команда сапында үш-үштен өнер көрсетіп, командалық есепте де жеңімпаздарды анықтады. Павлодар облысының командасы бірінші орын алса, Батыс Қазақстан – екінші, Оңтүстік Қазақстан үшінші орынды иеленді.

Дойбышылар арасынан Альфия Қадырова (ШҚО) және Ахмет Байәшімов (Ақтөбе) жеңіске жетті.
Үстел теннисінде Алматы қаласының командасы бірінші орынға ие болды. Павлодар және Қостанай облысының командалары – жүлделі орындарда.

Бильярдта Арай Байымбетова (ОҚО) мен Талғат Сатыбалдиев (Павлодар) бірінші орыннан көрінді.
Отбасылық сайыста Бекқожиевтар отбасы (БҚО) – бірінші, Ысқақовтар (Астана қаласы) – екінші, Бейсеркеевтер (Алматы облысы) үшінші орынға ие болды.

Шағын футболда БҚО бас бәйгені еншілеп, Қостанай облысы мен Маңғыстау облысы бұдан кейінгі орындарды еншіледі.
Гір көтеруде Қостанай облысының білекті жігіттері – бірінші, ал Солтүстік Қазақстан облысы – екінші, Астана қаласы үшінші орынға орналасты.

Қол тіресуде Жамбыл облысы жеңіске жетіп, ОҚО мен ШҚО одан кейінгі орындарды иеленісті.
Волейболдан әйелдер арасында ШҚО арулары теңдессіз танылып, ерлер арасында БҚО топ жарды.
Стритболда Қостанай облысының бағы жанып, ШҚО мен СҚО екінші-үшінші орындарға ие болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста