Шоқыр Бөлтекұлы атындағы спорт кешені жанынан жабық жүзу бассейні салынды. Айтулы шараның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев қатысып қайтты.
Әзірге бұл – Маңғыстау облысы аудандары бойынша жүзу спортына арналған алғашқы нысан. Құрылысы өткен жылдың соңында басталған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 52 миллион теңге қаржы бөлінді. Бассейннің ұзындығы 25 метрді құрайды. Спорт мектебінің директоры Қуанышбек Ізбеновтің айтуынша, мұндағы 6000-ға тарта жас жеткіншек болса, соның 30 пайызы жүзу спорт үйірмесіне тартылған. Олардың осында келіп, бос уақытын тиімді өткізуіне толық мүмкіндік бар.