Мәметова жерлестерінің мерейі үстем

Кеңес Одағының Батыры, осы аймақтың тумасы Мәншүк Мәметованы еске түсіруге арналған халықаралық турнирге Ресейдің Оралмен шектесіп жатқан облыстарының балуандары келді. Олармен бірге еліміздің барлық аймағынан жиналған дзюдошылар Орал татамиінде бақ сынайды.

Спорттық дода біткенді жоғары деңгейде өткізуді дәстүрге айналдырған оралдықтар биыл да сол әдеттерінен жаңылған жоқ. Бұл турнирдің жоғары деңгейде өтуіне облыстық әкімшілік қолдау көрсетті. Мәншүк Мәметова турнирінің ашылу салтанатына келген дзюдошы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев мұндай жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырған белдесулердің осы өңірде дзюдоның дамуына өзіндік септігін тигізетіндігін атап өтті.

Енді үш күнге созылған белдесулер қорытындысына тоқталсақ, бірнеше салмақ дәрежесінде жергілікті балуандардың мерейі үстем болды. 60 келі салмақ дәрежесінде оралдық Қанат Дінғатов топ жарса, 66 келіде Азамат Мұқанов бірінші орын алды. Ол финалда маңғыстаулық Ержан Тұрғанбаевты айқын басымдылықпен ұтты. Ал 73 келі салмақтың финалында Ресейдің екі балуаны белдесіп, Артур Цысарь Владимир Кузнецовтан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар 81 келіде де қонақтардың бағы жанды. Артем Курбанов ақтық белдесуде атыраулық Ержан Қабделовті иппон әдісімен жеңді. Ал өте шиленісті жекпе-жек 90 келі салмақ дәрежесінде өтті. Татами иесі Думан Әлдиевпен күрескен жамбылдық Азамат Теңгебаев қанша арпалысса да, жеңіліске ұшырады. Ауыр салмақта Алан Тұрысовтың бағы жанды.

Арулар арасында мына қыздар Мәншүк апаларының турнирінде бірінші орынды иеленді: Александра Подрядова (48 келі), Олеся Куценко (52 келі), Алмагүл Орынғалиева (57 келі), Альбина Амангелдиева (63 келі), Маржан Сұлтан (70 келі), Ғалия Ұлментаева (78 келі) және Зарина Байбатина (+78 келі).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста