Гүлге толсын құшағыңыз...

Күлiмдеген көктеммен қоса келетiн әйелдер мейрамы – күнделiктi тiршiлiгiмiздi абыр-сабыр қылатын үлкен мереке. Әйел затының көбiсi жылына бiр рет ыдыс-аяқтан қолы арылып, сүйiктi адамдарының ыстық ықыласына бөленедi. Мектептегi балалардан бастап, зейнет жасындағы ақсақалдарға дейiн сыйлық iздеп, әбiгерге түсемiз. Кiм қандай сыйлық тарту еткендi сүйедi, кiм не сыйлағанды ұнатады, соны бiлгiмiз келiп, ардагер аға-әпкелерiмiздi және спортшы қыз-жiгiттерiмiздi сөзге тартқан едiк. Ендi солардың өздерiн тыңдап көрелiк:

ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚТЫ ҰНАТАСЫЗ?
1. Нелли ЩЕРБАКОВА, волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерi:
– Мен үшiн 8 наурызда ең қымбат сыйлық – гүл. Өйткенi мен не болса да, өз талғамыммен алғанды ұнатамын. Өзiме қажет нәрселердi өзiм аламын. Басқаның алғанының ұнамай немесе көңiлiмнен шықпай қалуы ғажап емес. Осындаймын мен.
2. Ольга ШИШИГИНА, жеңiлатлет:
– Әйел заты қашан да нәзiк келедi ғой. Сол себептi бәрiмiз гүлге құмартамыз. Маған да күйеуiм бiр себет раушан гүлiн сыйласа екен деймiн (Дмитрий Шишигинге естiртiп). «Бiле ме»  дейсiз бе? Бұдан былай бiлетiн болады.
3. Әсел ЖАҚАЕВА, ватерполшы:
– «Ұшатын» машина. «Қандай маркалы» дейсiз бе, маған бәрiбiр, әйтеуiр ұшатын болса, болды. Ал егер, шынымды айтсам, маған қандай сыйлық тарту етсе де, соған риза боламын. Мен үшiн ең бастысы – көңiл.
4. Елена ПАВЛОВА, волейболшы:
– Мен үшiн 8 наурыздағы ең қымбат сыйлық, ол – сүйiктi адамымның көңiл бөлiп, құттықтағаны. Шынайы махаббат қымбат бәрiнен. Сыйлықтың бағасы емес, мәнi мен мағынасы маңызды. Мәселе – шын ниетпен, ақ көңiлмен сыйлауда.
5. Зәуреш БАЙБОСЫНОВА, құралайды көзге атқан мерген:
– Сыйлық алуға келгенде кесiрленiп қалатын әдетiм жоқ. Не сыйласа да, риза боламын. «Ананы алып бер, мынаны алып бер» деп еркелейтiн күйеуiм де жоқ. Қандай сыйлық болсын, қанағат етемiн.
6. Лия НҰРКИНА, таэквондошы:
– Үй сұрайын десем үйiм бар, көлiк дейiн десем, ол да бар. Әлбетте, тұрмыс құрған жоқпын, бiрақ жiгiтiм бар. Ең бастысы, сүйiктiм қасымда болса, маған сол да жеткiлiктi. 8 наурыз күнi жанымда болып, шын көңiлмен тiлек айтқанын қалаймын.
7. Ирина НАУМЕНКО, жеңiлатлет:
– Диманың жай жымиысының өзi қымбат қой. Тiптi, қандай сыйлық күтерiмдi де бiлмеймiн. Оның маған сыйламаған заты қалған жоқ шығар. Әр нәрсенi себеп етiп, әрдайым гүл әкеп тұрады. Алқалармен көмкередi. Мен оған ризамын.
НЕ СЫЙЛАҒАНДЫ ҰНАТАСЫЗ?
1. Әлжан ЖАРМҰХАМЕДОВ, даңқты баскетболшы:
– Ең бастысы, көңiл ғой. Көңiл бөлiп, iзгi ниетпен құттықтаған. Содан кейiн гүл сыйлағанды жөн көрем. Жұбайым мен жақындарымды құттықтаймын. 8 наурыз мейрамы қарсаңында өзiм жаттықтыратын қыздар командасы кезектi ойынын өткiзедi. Осы ойында жеңiске жетсек, бұл да шәкiрттерiм үшiн жақсы сыйлық болар едi.
2. Бақыт СӘРСЕКБАЕВ, боксшы:
– Анама, жарыма және қызыма деген ең қымбат сыйлығым – шексiз махаббатым. Үнемi шаттық сыйлап, көңiлдерiне кiрбiң түсiрмесем деймiн. Ең басты сыйлығым сол болса деп ойлаймын. Содан кейiн, әрине, 8 наурыз күнi әдемi гүл шоқтарын сыйлағанды ұнатам.
3. Серiк СӘПИЕВ, боксшы:
– Сүйiктi жарыма бiрiншi ретте раушан гүл шоғы мен бағалы әтiр қарастырмақпын. Қалғанын көре жатармыз. Бәлкiм, ерекше әрi қажеттi зат сатып әперетiн шығармын. «Бокс қолғабы ше»  дейсiз бе? Жоқ, оны тек рингтегi қарсыласыма ғана сыйлаймын.
4. Самат СМАҚОВ, футболшы:
– 8 наурызда барлық туыстарымды құттықтап шығам. Ал әйелiме мiндеттi түрде гүл сыйлаймын. Бiрақ бiр тал раушан ба, әлде гүл шоғы ма, ол жағын әлi ойластырған жоқпын. Әй, осы гүл шоғы дұрыс-ау!
5. Дмитрий КАРПОВ, жеңiлатлет:
– Жақын туыстарыма ескерткiш болып қалуы үшiн әртүрлi базарлықтар тарту етудi жоспарлап отырмын. Ал Ираға жай күндердiң өзiнде тарту жасап жүрмiн ғой. Бiрақ бұл күнi ерекше көңiл бөлiп, гүл шоғын, сондай-ақ бағалы алтын сырға сыйлаймын.
6. Талғат ЖАЙЛАУОВ, хоккейшi:
– 8 наурыз күнi мерекенiң сәнiн келтiрiп, әрiн ашып тұратын әдемi гүл шоқтарын сыйлағанға не жетсiн?! Ал сыйлыққа келсек, мен негiзi сүйiктi адамдарымның не қалайтынын алдын ала өздерiнен сұрап алғанды ұнатам. Өздерiнiң көңiлiндегi қажеттi нәрселердi алып бергiм келедi. Әу баста «не алып берейiн» деп анамнан сұрайтынмын, сол әдетiм бойынша қазiр жұбайымнан да сұраймын.
7. Бақыт АХМЕТОВ, ауыратлет:
– Шынын айтсам, әйелiме жай күннiң өзiнде жақсы жағдай жасағым келiп тұрады. Ал 8 наурызда не сыйларымды әлi шешкен жоқпын. Бәлкiм, дүкенге кiргенде ойыма бiрiншi не келедi, соны сатып алатын шығармын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста