Грек-рим күресінің ережесі өзгерді

Грек-рим күресінің ережесі өзгерді

Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) грек-рим күресінің ережесі өзгергені туралы хабар таратты, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Сәуір айының соңғы күні Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) басшылары Швейцарияда бас қосты. Бұл жиында күрес түрлерінің бірнеше мәселесі қаралып, грек-рик күресінің ережесін өзгерту туралы шешім шығарылды.
Грек-рим күресінің ережесін өзгерту туралы ұсыныс 2014 жылдың қараша айында айтылған болатын. Содан берін бұл ұсыныс одақтың екі үлкен жиынында талқыланып, Швейцарияда өткен жиында жүзеге асырылды.
Жаңа ереже бойынша рұқсат етілмеген әдіс жасаған (фол жасаған, аяққа өткен немесе төрешіге бағынбаған) балуанның қарсыласына бұдан былай екі ұпай қосылатын болады. Одан бөлек, әдіс жасаған балуанның да ұпайы екі еселенеді. Сондай-ақ Бүкіләлемдік күрес одағы грек-рим балуандарына бес ұпайлық әдісті де қайтарып берді.
— Грек-рим күресіндегі ережелерді өзгертуді біз ұзақ уақыт бойы ойластырдық. Біз жаңа қаулыны қабылдау үшін халықаралық деңгейде сынақтан өткізіп, жаңа ереженің грек-рим күресінің дамуына ықпал ететінін анықтағаннан соң өзгертіп отырмыз, - дейді Бүкіләлемдік күрес одағының президенті Ненад Лалович.
Бұл ережелердің барлығы да ресми бекітілген күннен бастап іске асады. Ал, Бүкіләлемдік күрес одағы жаңа ережені 6-11 мамыр аралығында Қатар астанасы Дохада өтетін күрес түрлерінен Азия біріншілігінде тағы да тексеріп көретін болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста