Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Өскеменде өтіп жатқан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты одан әрі жалғасуда.
Кеше еркін күрес балуандары өз белдесулерін аяқтады. 55 келі салмақта қызылордалық Азамат Шағапұлы жеңімпаз атанды. 66 келіде алматылық Нұрғали Жолаев қарсылас шақ келтірген жоқ. 84 келідегі өте шиеленісті өткен финалдық кездесуде шығыстың шымыры Мавсар Тургаев астаналық Ералы Әбірешевке есе жіберді. Аса ауыр салмақта шығысқазақстандық Олег Болтин бірінші орын алды.
Ал бұған дейін Нұрлан Тұрған (50 келі), Мейіржан Әшіров (60 келі), Әбубәкір Торғаев (74 келі), Іңкәр Ермұхамет (96 келі) сынды жас таланттарымыз ел чемпионы болған.
Еркін күрес өрендері белдесуді аяқтады
Последние статьи автора