«Ерекше сәт…» Абзал Әжіғалиев Олимпиаданың ашылуындағы әсерімен бөлісті

Бейжіңде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан командасының туын ұстап шыққан Абзал Әжіғалиев ауқымды шарадан кейін пікірімен бөлісті.

 

Бұл ерекше күн болды. Барлық әлем, барша халық саған көз тігіп отырғанда өз еліңнің туын көтеріп шығу – үлкен абырой. Трибунада Мемлекет басшысының бар екенін білген соң, жауапкершілік арта түсті. Бізге қолдау көрсеткені үшін Президентке үлкен алғыс айтамын. Спортшылар үшін бұл аса маңызды. Эмоцияны сөзбен жеткізу қиын. Ортаға шыққанға дейін қобалжу басым болды, бірақ командаластарымыз қолдау көрсетіп, әзілдесіп, осы сәттің куәсі болғанымызға қуандық. Атмосфера керемет, өйткені, Олимпиада ойындары әрбір спортшы үшін үлкен мереке әрі арман! Өзге ел спортшылары бізбен жиі суретке түсті, барлығы біздің формамыз бен костюмімізге ерекше назар аударды. Бұл да сенімділік сыйлады. Бірақ ең бастысы әлі алда. Бізде жарыс ертең-ақ басталады. Бізбен бірге болыңыздар, бізге сеніңіздер. Алға, Қазақстан!, - деді спортшы.

 

 

Еске сала кетейік, Қазақстан командасының ту ұстаушылары болып Екатерина Айдова мен Абзал Әжіғалиев бекітілді. Олар Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Сақ патшайымы Томирис пен қазақ батырының образында ортаға шықты.

 

Ерекше сәт… Бізге артқан сенімдеріңізге рахмет! Олимпиада ойындары ресми түрде ашық, командамызға сәттілік серік болғай, – деп жазды Абзал Әжіғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста