Еліміздің үздік спортшылары анықталды

Еліміздің үздік спортшылары анықталды

Кеше Астана қаласында Мәдениет және спорт министрлігі 2014 жылғы еліміздің ең үздік деген спортшыларын марапаттады, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.
Астанада өткен 2014 жылғы үздіктерді мараппаттау рәсімінде үздік бапкерлер мен үздік спорт журналистерінің де есімі белгілі болды. Қорытынды бойынша, ауыр атлеттер - Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, боксшылар - Геннадий Головкин мен Данияр Елеусінов, мәнерлеп сырғанаушы - Денис Тен, жүзгіш - Дмитрий Баландин және балуан - Айбек Нұғымаровқа 2014 жылдың үздік ер спортшылары атағы бұйырса, Зүлфия Чиншанло (ауыр атлет), Зарина Диас (теннисші) және Назым Қызайбай (боксшы) ең үздік әйел спортшысы атағын жеңіп алды.

Одан бөлек, бірнеше спортшы Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы сыйлықтарына ие болды. Тарқатып айтсақ, зілтемірші Жазира Жаппарқұл «Үміт артар спортшы», жеңіл атлет Ольга Сафронова «Жыл серпілісі», зілтемірші Владимир Седов «Жеңіске деген жігері үшін» және шахматшы Динара Сәдуақасоваға «Ел мақтанышы» деген номинацияда марапатталды.
Ал «Жылдың үздік жаттықтырушы» атағы Т. Бектеміров, Д. Әділғазин, М. Елеусінов, В. Ни, А. Казаков, С. Қоржыкенов, Ж. Өмірзақов, Ф. Кэролл сынды жаттықтырушыларға берілді. 

«Жылдың үздік спорт федерациясы» атағын Қазақстанның бокс федерациясы, ескекті спорт түрлерінің «Қайық» федерациясы, ҚР ауыр атлетика федерациясы, ҚР су спорты түрлерінің федерациясы және Ұлттық конькишілер федерациясы алды.
«Жылдың үздік спорттық ұйымы» атағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясы, Ауыр атлетикадан Олимпиадаға даярлау орталығы, Қ. Мұңайтпасов атындағы Республикалық Олимпиадаға даярлау интернат-колледжі және Өскемен қаласының Олимпиадаға даярлау орталығына бұйырды.

«ZHERSU» ААҚ-ның (Алматы облысы) директоры Б. Оспанов, СҚО «Раисовское» АҚҚ-ның директоры В. Коваленко, ЖШС «Оздоровительный центр ПОШ» директоры А. Мамырбаев (Ақтөбе), ЖШС БИІК директоры – Б. Әбдубаитов «Жылдың ең үздік меценаттары» атанды.
Ә. Жақсыбеков (футбол федерациясы), Ж. Түсіпбеков (ауыр атлетика) «Спортқа еңбегі сіңген басшылар» деген атақты алса, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары «Үздік облыстағы спорт басқармалары атағы» номинациясын жеңді. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы «Үздік аудандық спорт басқармасы» деген атақты қанжығасына байласа, Қостанай облысы, Қарасу ауданының тұрғынына «Үздік ауылдағы спорттық-әдіскер» атағы берілді. Ал, Допты хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы «Жылдың үздік командасы» деген мәртебеге ие болды.
Елордада өткен жиынның соңында спортшылардың жетістігін халыққа насихаттап жүрген спорт журналистеріне берілетін дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық тапсырылды. Бұл жүлдені Асқар Бейсенбаев («Казахстанская правда» газеті), Фархат Әмренов («Павлодар» газеті) және Рауан Оқасов («Алматы» телеарнасы) жеңіп алса, Бек Төлеуов («Астана Спорт» газеті), Айжан Құрмашева («Алматы» телеарнасы), Ғабит Сапарбеков («Оңтүстік Қазақстан» газеті), Аян Күшбаев («KazSport» телеарнасы), және Всеволод Хван (Vesti.kz порталы) сынды спорт журналистерін де министрлік арнайы дипломмен марапаттады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста