«Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамына 90 жыл

«Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамына 90 жыл

2015 жылдың 15 қыркүйегі күні сағат 11:00-де Алматы қаласындағы «Сұңқар» шаңғы трамплині кешенінде ҚР «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған арнайы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спорт қоғамының басшылығы мен еліміздің спорт жұлдыздары қатысатын кездесу барысында «Динамо» ДШСҚ-ның қазақ спортының тарихындағы орны, бүгіні мен келешегі сөз етіліп, қыркүйектің 18-і күні өтетін салтанатты шараның бағдарламасы таныстырылады.
«Динамо» спорт қоғамы – республика көлемінде бокс, нысана көздеу, самбо, конькимен жүгіру, шаңғы, футбол және волейбол сынды спорт түрлерінің пайда болып, дамуына түрткі болған ұйым. Динамолық спортшылар осы спорт түрлерінен сандаған жылдар бойы жетекші рөлге иелік етіп, бапкерлеріміз жаттығу өткізудің тамаша үлігісін жасады.
Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында бақ сынаған динамошылар Қазақстан спортын өрге сүйреп, талай жеңістерге қол жеткізді. Қазақ КСР-і кезінде 23 динамолық спортшы Олимпиада чемпионы мен жүлдегері атанды. Ал Тәуелсіздік жылдарында «Динамо» спорт қоғамының саңлақтары 46 Олимпиада медалін иеленді. Оның ішінде 13 алтын, 15 күміс және 18 қола медаль бар.
Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 13 медаль иеленсе, оның 11-ін динамолық спортшылар қанжығамызға байлады. Оның ішінде 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар.
Тәуелсіздік жылдарында динамошылар 96 мәрте әлем чемпионатының тұғырына көтеріліп, 31 алтын, 22 күміс және 43 медаль иеленді.
Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық құрамасында өнер көрсетіп жүрген спортшылардың 75 пайызын динамолық спортшылар құрап отыр.
Қазір «Динамо» спорт қоғамында 35 спорт түрі қарқынды дамыса, оның 28-і Олимпиадалық спорт түрлеріне жатады.
«Динамо» спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған баспасөз мәслихатына қатысатын қонақтардың тізімі:

1. Асқар Омарқұлов – ҚР «Динамо» ДШСҚ ҚБ төрағасының бірінші орынбасары.
2. Ермахан Ибраимов – «Динамо» спорт қоғамының ардагері, Сидней Олимпиадасының чемпионы, ҚР бокстан олимпиадалық даярлау орталығының директоры.
3. Сергей Беляев – Нысана көздеуден Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының екі мәрте жүлдегері.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 128/86 «Сұңқар» шаңғы тармплині кешені.

«Динамо» ДШСҚ ОК
Ұйымдастыру комитеті: 8 (727) 272-98-13; 8 (727) 2 67-46-92; 8-701-225-26-46; 8 707 829 20 44.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста