Дазаев азаматтық алуға әзір

Дазаев азаматтық алуға әзір

2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қамданып жатқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, балуан Бауыржан Оразғалиевпен жолықпақшы болған кезде онымен бірге жаттығып жүрген бір оқушы баланы көрген едік. Қазір ол еңгезердей жігіт болыпты. Денесінің буылтық-буылтық екенін айтпасаңыз, жасы 20-ға әлі толмаған деуге келмейді. Ұлты – шешен. Гойти Дазаев қазір Қазақстан мен Ресейдің спорт шеберлігінен үміткер. Ол 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы олимпиадаға қалайда қатысатын боламын деп, бел буып отыр.

Дазаевтар отбасы Ақтөбеге жеті жыл бұрын бітіспес соғыс болып жатқан Шешенстанның оңтүстік-шығысындағы Веден ауданынан көшіп келген. Жергілікті жұрттың мейірбандығы арқасында шешен шаңырағы тұрмысын тіктеп кетті. Олар өз салт-дәстүрлерінен жаңылған емес, нағыз шешен лезгинкасымен ойын-тойлардың сәнін келтіреді. Ақтөбеге келгеннен кейін, №16 мектепте білімін жалғастыра бастаған 13 жастағы Гойти еркін күреспен айналысуға бет бұрды. «Кавказда әрбір екінші адам – балуан, бұл спорт адамның өзіне, өміріне деген сенімін нығайтады. 8-сыныпқа дейін каратэ, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерімен шұғылданып көрдім. Бірақ олар менің табиғатыма келмеді, кейін еркін күресті шын қалайтыныма көзім жетті», – дейді ол. Облыстың бес мәрте чемпионы қазір жасөспірімдер арасында емес, ересектермен белдесіп жүр. Қазақстан мен Ресейдің спорт шеберлігінен үміткер. Ол әлі Қазақстанның азаматтығын алмағандықтан, Ресейдің спорт шебері атағы жас балуанға алдымен бұйыруы мүмкін. Дегенмен Гойти өзінің қазақ елінің намысын қорғауға әзір екенін айтып отыр. Сол себепті жуырда еліміздің азаматы атанудың қамына кіріспек. 84 келі салмақтағы балуан қазан айында Орынборда белдеспекші. Осы біріншілікте жақсы өнер көрсетсе, Дазаев спорт шебері атанды деген сөз. Бұдан соң, қаңтарда ол Астана мен Шымкентте, ал келер жылы Азия чемпионатында бақ сынамақшы. Келешегінен зор үміт күттіріп отырған жас балуанды №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде КСРО спорт шебері Төлепберген Дұздықбаев баптап жүр. Еркін күрестің тарланбозы Бауыржан Оразғалиев дайындалған бұл спорт нысаны биыл ұзақ жылдан соң тұңғыш рет жөндеуден өткен. Бүгінде мұнда монша, тіпті сауна да бар. Бірақ спортшылардың шетелдегі ірі турнирлерге баруы үшін демеушілер табуы қиын. «Қаржы тапшылығына байланысты шетелдерде болып жатқан көптеген біріншілікке қатыса алмай жүрміз. Көбіне республика көлеміндегі белдесулермен шектелеміз. Бірақ жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін біздің халықаралық аренада да бақ сынауымыз қажет», – дейді Гойти. Жігерлі спортшы күн сайын бірнеше сағат дайындалып, салмағын көбейтумен айналысады. Оның басты мақсаты – 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиадаға қатысу. Екі жыл уақыт ішінде сол дүбірлі додаға жолдама беретін мүмкіндіктерге қол жеткізуді көздейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста