Дағыстандық UFC чемпионы титулды айқаста арам әркетке барды деген айыпқа жауап берді
Ресейлік файтер Ислам Махачев UFC 284 турниріндегі аустралиялық Александр Волкановскимен жекпе-жек алдында ереже бұзды деген айыпқа жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Волкановски Махачевті жекпе-жек алдында салмақ түсіруден кейін қалыпқа келу үшін дәрі қабылдағанын мәлімдеді.
"USADA-мен жұмыс жасайтын сарапшылар бар... Бұл туралы сөйлескім де келмейді... жекпе-жекке дейін және кейін төрт рет тексерді. Біреу менің суретімді жариялапты: тамырым дүрдиіп, көгеріп кеткенін... Аустралияда өздерінің комиссиясы бар, солар төрт рет тексерді.
Сәрсенбіде қан алды, ал бейсенбі фотосессия өтті. Бұл спортшылардың бірінің шығарған қауесеті, ал UFC мен USADA тарапынан ешқандай мәселе жоқ". - деп береді Махачевтің сөзін Sport24.