Чемпиондар ауылдан шығады

Бокстан әлем чемпиондарын ұлықтау еліміздің әр өңірінде жалғасып жатыр. Осы демалыста өз чемпионы Жәнібек Әлімханұлын Жыланды ауылы да күтіп алып, құрмет көрсетті. Ат мінгізіп, темір тұлпардың кілтін қолына ұстатты. Әлі де қошеметтер біткен жоқ.
Чемпион шыққан ауылдың тыныс-тір­ші­лігімен танысып қайту мақсатында Ал­ма­тыдан бір топ журналист жолға шықтық. Алакөл ауданының орталығы Үшаралдан 80 шақырымдай беріде жатқан аядай ғана ауыл екен. Көршілес жатқан төрт ауылды бі­ріктіріп, округтің орталығы болып тұр. Хал­қының саны 2000-нан сәл ғана асады. Жы­ланды деп аталуы да бекер емес. Бұл жа­йында ел аузында аңызға бергісіз небір деректер айтылып жүр. Соның шындыққа жа­насатыны мынау болса керек: кезінде осы жерден жыландар көшетін болған кө­рі­неді. Олардың көп болғаны соншалық – кейін осында мекен еткен адамдар жерге «Жыланды» деген атау беріпті. Ал ауылдың ір­гесімен Шынжылы өзені ағып жатыр. Өз­ге өзендерден айырмашылығын атынан-ақ байқап отырған боларсыздар, шы­ны­мен де бір температураны сақтап тұр. Суы қы­сы-жазы жып-жылы. «Күн суықта да осын­да шомылатындар табылады», – дей­ді жергілікті тұрғындар. Сол өзеннің бас­та­уын­да ордалы жыландар әлі күнге дейін ме­кен ететін көрінеді. Бірақ зиянын шеккен еш­кім болмапты. Негізі, Жыландының та­би­ғаты да тамаша. Қысы жылы, жазы сал­қын. Қанша қар жауса да, аяқтан ызғар өт­пейді екен. Кейде оқушылардың мек­теп­ке костюммен шығып кете беретіні де сон­дықтан болса керек. Жалпы, Әлімханұлы­нан бөлек, та­лай мықты спортшыларды шы­ғарған атал­мыш ауыл Мұхамеджан Ты­­ныш­паевы­мен мақтанады. «ЖерСу» кор­пора­ция­сының басшысы, Алматы об­лы­сы бокс фе­дерациясының президенті Ба­уыржан Ос­панов та осы ауылда Жә­ні­бекпен көр­шілес тұрады екен.
Сонымен не керек, Жыландыға да же­тіп, халықтың Жәнібекке деген қошеметін бірден байқадық. Чемпион оқыған мек­теп­ті, жаттыққан спортзалын араладық. Ауылы ала­қанына салып, көтеріп жүр. Бәрі де құ­шақ жая амандасып, қаумалап суретке тү­сіп жатыр. «Сенің түбі әлем чемпионы бо­ла­тыныңды баяғыда-ақ білген ем», – деп ар­қасынан қағып жатқандары да жетерлік. Не­мерелерін ертіп ақсақалдар жүр. «Ба­лам, мына бауырыңа ырымын жасап, қо­лын алып қойшы, сен секілді чемпион бол­сын», – деп өбектеп жүр. «Айналайын, ба­лам, осы бетіңнен тайма! Биіктерді ба­ғын­­дыра бер! Рақмет, саған», – деп Жә­ні­бек­­тің маңдайынан иіскеп, ауылдың әже­ле­­рі де ақ тілектерін жаудыруда. Чем­­­пионның әкесі Әлімхан мен шешесі Зәу­ре де бүгін өте бақытты. Сыр білдірмеуге ты­рысса да, ауылдастары «Әлөшка, Зәу­реш, балаларың жарады. Осындай ұлды өсірген сендерден айналайын», – деген сайын төбелері көкке бір елі ғана жетпей тұрғандай.
– Үш ұлым бар. Солардың ішінде ор­тан­шым Жәнібек спортқа бейім болды. Кіш­кен­тайынан былғары қолғабын қолынан шешпейтін. Бокспен бірінші сыныптан ба­с­тап айналысты. Енді, міне, чемпион атанып, хал­қын қуанышқа бөлеп жатыр. Мына кездесуі оңай болды, мынауы қиын болды деп айта алмаймын. Ешқайсысы оңай бол­ған жоқ. Әр жекпе-жегін жүрегімді ұстап оты­рып тамашаладым. Көптің тілегі қабыл болып, ұлым әлем чемпионы атанды. Бұл – менің ғана емес, барша Алаш жұртының қуанышы. Жыландының ғана емес, бүкіл Қа­зақстанның жеңісі, – деп ағынан жа­рылған Әлімхан ағамызға Алматы облысы бокс федерациясының президенті су жа­ңа «Нива» автокөлігінің кілтін ұстатты. Жә­ні­бекті «Тойота Прадо» көлігіне мінгізді. Же­ке бапкері Мұрат Қисымбаев та сый­ақы­дан құр қалмады. Оспанов оған «То­йота Камридің» соңғы үлгісіндегі көлігін та­­быстады. Ауыл әкімшілігінің де чем­пионға дайындаған өз сыйы бар екен, аудандық, облыстық аламан бәйгелерде топ жарып жүрген сәйгүлікті атады. Шар­шы алаңда талай мықтыны тырп еткізбеген боксшының мысы асау атты бірден жуа­сытып жіберген сияқты. Үзеңгіге оң аяғын са­лып, жалынан ұстап ыршып мінген Жә­ні­бек тебінген күйі шауып кетті. Иә, қай­сы­бірін айтайық, шапан да жабылды, ай­мақ­­тағы атымтай жомарттар да небір сәй­­гүліктердің тізгінін ұстатып жатты. Бірақ чемпионымыз өзінің бәз қалпын жо­ғалтқан жоқ. Әлем біріншілігіне дейін қан­дай болса, қазір де сондай қарапайым көрінді.
– Ауылда әлі біраз уақыт боламын. Атырауда өтетін Қазақстан біріншілігіне де бар­май­тын шығармын. Бауыржан аға «ауылда жа­тып, таза ауада демал» дейді. Осында бір ай боламын да, Мұрат аға екеуміз жаттығуға қайта кірісеміз. Ендігі жылы бізді Азия ойындары күтіп тұр. Одан кейін көзді ашып-жұмғанша Рио Олим­пиадасы да келіп қалады. Сол жерде атой салуым керек, – деп қысқа ғана қайырды.
Жалпы, жақсының жақсылығын атап өтуі­міз керек, Жыландының Алматы об­лысындағы алдыңғы қатарлы ауыл­дар­дың біріне айналуына «ЖерСу» кор­по­ра­циясы президентінің тікелей қатысы бар. Кезінде құлдырап, құрдымға кетуге шақ қал­ған ауылды сақтап қалған да осы Ос­па­нов. Жаңа ғасырдың басында ауыл балаларына арнап спорт клубын ашып бер­ген. Алматы, Талдықорған қала­ла­ры­нан білікті бапкерлерді арнайы шақырып, жағ­дайларын жасап, ауылға тартқан. Со­ның арқасында бокс, күрес, дзюдо, самбо сын­ды спорт түрлерінен талай мықтылар шы­ғыпты. Олардың арасында халық­ара­лық турнирлерді айтпағанда, ел чемпион­да­ры атанғандары да жетерлік. Жәнібек те бокстың қыр-сырын сол клубта үйреніпті. Бұл – Бауыржан Кеңесбекұлының спортқа қа­тысты жасап жатқан жақсылықтары ға­на. Одан бөлек, ауылға мәдениет клубын са­лып берген. Жастарға арнап саябақ ашып беріпті. Біз барардың алдында ғана ауыл­да физика-математика мектебінің ашыл­ғанын естідік. Мұнда Алматы мен Тал­дықорған қалаларының жоғары оқу ор­талықтарында ұстаздық еткен про­фес­сор­лар сабақ беруде. «Біздің ауылда 30 жас­қа дейінгілер темекі шекпейді. Бәрі спортпен айналысады. Дүкендерде арақ, темекі дегендерің сатылмайды. Оған ты­йым салынған», – дегенде, шыны керек, ал­ғашында сенбеген едік, сөрелерден арақ түгіл, сыраны көрмегенімізде көзіміз жет­ті. Қысқасын айтқанда, халықтың Ос­па­новқа деген ілтипаты зор. Оны халықтың Әлімханұлына айтқан тілектерінен-ақ байқадық. Нақты айтсақ, Жәнібекке тілек арнағанда міндетті түрде Бауыржан Кеңесбекұлының атын қосып жатты.
Иә, әлем чемпионы осындай ауылдан шық­пағанда қайдан шығады?! Асыра сіл­тегеніміз емес, егер еліміздің әрбір ай­ма­ғында, әрбір ауылында спортқа деген көз­қарас Жыландыдай болса, онда Қазақстан құ­рамасын бүкіл республикадан емес, бір ға­на ауданнан-ақ жасақтап шығаруға бо­лар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста