Бүкіләлемдік Қар күнінде "Шымбұлақ" балаларды қуанышқа бөледі

Бүкіләлемдік Қар күнінде "Шымбұлақ" балаларды қуанышқа бөледі

 Кеше әлемнің көптеген елді мекендерінде, тіпті еліміздің бірқатар жерлерінде бүкіләлемдік Қар күні аталып өтті. Мұндай бүкіләлемдік игілікті шарадан "Шымбұлақ" тау шаңғысы шипажайы да шет қалған жоқ, деп жазады "Алаш айнасы".

Бүкіләлемдік Қар күні (“World Snow Day”) Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) бастама-ынтасымен 2012 жылдан бері, қаңтар айының үшінші жексенбісінде төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінде аталып өтеді. Ал "Шымбұлақ" тау шаңғысы шипажайы бұл үрдіске былтырдан бері қосылған. Бір байқағанымыз, биыл Алматының басқа да жерлерінде (тау шаңғысы базаларында) бүкіләлемдік Қар күні әр түрлі деңгейде аталып өтті.

Бүкіләлемдік Қар күнін өткізудегі негізгі мақсат – балаларға қар үстіндегі ойындар мен жарыстардың ерекшеліктерін, қызығы мен шыжығын көрсету.Осы мақсатта биыл "Шымбұлақта" балалар мен жеткіншектерге арналған әр түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды.

"Надежда" балалар үйінің өрендері шақыртылып, олар арнайы ойындарға қатысып, мәре-сәре болды. Балалар арасында ылдидан төмен қарай жарыс өткізіліп, қар үстінде әр түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балаларға шаңғымен сырғанап, сноубордшылардың өнерлерін тамашалап, үйренуге тырысты.

Бүкіләлемдік Қар күніні ең басты мақсаты да шақырайған күн астында тауда демалу мен шаңғы тебу ләззатының қандай болатындығын сезіндіру еді. Таза ауада сайран салған балаларға қысқы спорт түрлерінің құдіретін түсіндіре білу де ескерілген.

Қауіпсіздік шаралары да жан-жақты ескеріліпті. Төтенше жағдайларда адамдарға құтқаруға үйретілген иттер де "World Snow Day" мерекесінде балалармен бірге болды. Абырой болғанда оларға ешкімді де құтқарудың қажеті болған жоқ. Әйтсе де, оларға басқа "жұмыс" табылды. Олай дейтініміз, балалардың көбісі осы иттермен суретке түсіп, жандарынан шықпай қойды.

Ержан Еркінбаев, "Шымбұлақ" тау шаңғысы шипажайының директоры:

– Бүкіләлемдік Қар күнінің ұраны – атына сай. Оның мағынасы – үйрену, ләззат алу, сезіне білу. Бұл мейрам қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде ғана әлемге тез тарап, спорт сүйер қауымның сүйікті мерекесіне айнала бастады. Алғашқы жылы 20 мемлекетте аталып өтсе, былтыр 40-тан астам ел Қар күнін қызықты шараға айналдырды. Биыл бүкіләлемдік Қар күнін атап өткен елдер мен қалалардың саны анағұрлым артқанына сенімдіміз. Бұл күні тау етегінде дем алушылар мен салауатты өмір салтын ұстанушылар саны артып, олардың қатарларына жаңа адамдар қосылып отырады.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста