Бүгін – спорт журналистикасы күні
Бүгін, яғни 2 шілде – Халықаралық спорт журналистері күні. Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз.
Біздің елде Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) құрамына кіретін Қазақстан спорт журналистері қауымдастығы болған. Төрағасы көпшілікке танымал спорт журналисі, жазушы Несіп Жүнісбайұлы болатын. Кейінгі жылдары бұл қауымдастық әртүрлі себептермен өз жұмысын толыққанды жүргізе алмай қалды. Алдағы уақытта аталмыш қауымдастық өз жұмысын қайта жандандырмақ.
Өз кезегімізде аталмыш қауымдастықтың уығын қайта қадап, түтінін қайта түтетуіне тілектеспіз. Әрі Қазақстан спорт журналистері қауымдастығы алдағы уақытта жас журналистерге қолдау көрсетіп, таланттардың көзін ашып, бүкіл спорт журналистерінің мүддесін қорғайды деп сенеміз.