Біздің олимпиадашылар

Біздің олимпиадашылар

Асқақ Ақжүрек пен ерен Ермек


Ақжүрек Таңатаров наурыз айының соңында Астанада өткен лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасына қол жеткізсе, Ермек Байдуашев бұл билетті бір айдан кейін Қытайда өткен лицензиялық додада иеленді. Әлбетте, екі балуанымыздан да жүлде күтеміз. Бірақ бәрі де бабы мен бағына байланысты екенін түсінеміз.

Ақжүрек Достықұлы Таңатаров
Туған жылы: 03.09.1986 ж.
Туған жері: Жамбыл облысы,
Тұрар Рысқұлов ауданы
Спорт түрі: Еркін күрес.
Салмақ дәрежесі: 66 келі.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, екі баласы бар.
Жеке бапкерлері: Мәлік Нәдірбеков, Әділет Сарыбаев, Бауыржан Нұрмаханов:
Ең ірі жетістіктері: Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, ел кубогының иегері, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Ермек Сатыбалдыұлы Байдуашев
Туған жылы: 20.06.1982 ж.
Туған жері: ОҚО, Түлкібас ауданы.
Спорт түрі: Еркін күрес.
Салмақ дәрежесі: 84 келі.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, ұлы бар.
Жеке бапкері: Бақытжан Жақсықұлов.
Ең ірі жетістіктері: Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Алдымен Ақжүректен бастайық. Жол­да­маға Ермектен бұрын қол жеткізді ғой. Не­гізі, өткен жылы Стамбулда өткен әлем чем­пионатында осы салмақтағы бал­уа­нымыз астаналық Мақсат Дауылбаев жол­дамаға қол жеткізе алғанда, Таңатаров Тұ­манды Альбионға бара алмас еді. Алай­да дүниежүзілік додада Мақсаттың жо­лы болмады. Сөйтіп, бапкерлер алқасы ақыл­даса келе, Астанада өткен ли­цен­зия­лық турнирге Ақжүректі қатыстыруға бел буды. Тараздық тарлан бапкерлерінің се­німін ақтап, ақтық сынға дейін жетті де, қор­жынымызға бір жолдаманы салып бер­ді. Дегенмен бұл лицензия балуа­ны­мызға оңайлықпен келген жоқ.
– Бірінші белдесуімде Қытай елінің на­мы­сын қорғап жүрген қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлымен белдестім. Өте мық­ты қарсылас. Әлем чемпионатында үз­дік бестіктен көрінген. Бірақ мен де ба­рымды салдым. Одан кейін үнді балуа­ны­мен айқастым. Ол да азулы. Олимпиада ойындарында жүл­дегер атанған. Азия және әлемнің чем­пионы деген атағы бар. Алайда алда Олим­пиада жолдамасы тұрғандықтан, оның үстіне, бүкіл жан­кү­йер­дің назары ма­ған ауған­дық­тан, ба­рым­ды салып, оны да жеңдім. Сөйтіп, фи­налға шығып, екі жол­даманың бірін қал­тама бастым, – дейді Ақжүрек
Иә, жарақаты жеңіл емес екен, бір апта­дай гипспен жүріп, тағы бір аптасын ем-домға жұмсады. Дегенмен бүгінде жағдайы жақсы, бабы да келісіп тұр. Өзі­нің айтуынша, Лондон Олимпиада­сында ақтық сынға жету үшін барын салмақ.
Жалпы, Ақжүректің спортпен айна­лы­суы осыдан 16 жыл бұрын басталған. Жам­был облысының Тұрар Рысқұлов ау­да­нында дүниеге келген Ақжүрек кейін от­басымен Тараз қаласына көшіп келіп, сол жерде белгілі бапкер марқұм Шоқан Нә­дірбековтің қолында тәрбиеленеді. Ол кез­де Таңатаров небәрі 10-ақ жаста бо­латын. Міне, кешегі бала – бүгінде ақылы то­лыс­қан отағасы, Лондон Олим­пиа­дасына баратын Ақжүрекке біз де ақ жол тілейміз.
Олимпиададағы мүмкіндігі: Әлбетте, оңай болмайды. Дегенмен Олимпиада жүл­дегері әрі әлем чемпионын ұтқан бал­уанымыздың әлеуеті қаншалықты жоғары еке­ні осыдан-ақ көрініп тұрған болар.
Басты қарсыластары: «Менің сал­ма­ғымдағы ең мықты балуандар ресейлік Мау­лед Батыров, парсы жігіті Тагави Кер­мани, үнді Сушил Кумар. Бірақ жапондық, ку­балық және әзірбайжандық батырларды да санаттан шығаруға болмайды», – деді Ақ­жүрек.
Еңбегі кеш бағаланған балуандардың бірі осы Байдуашев болар. Естеріңізде ме, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қар­саңында бапкерлер кеңесі ақылдаса ке­ле Ұлы Жібек еліне Ресейден келген Ген­надий Лалиевті апарған болатын. Рас, Ла­лиев сол кезде лицензиялық турнирде атой салғанымен, шындығында, Бай­да­уа­шевтен мықты емес болатын. Өз іші­мізде ұйымдастырылған Олимпиадаға ірік­теу ретінде өткен ел біріншілігінің фи­налында Ермек Генаны 2:1 есебімен жең­ген. Осыдан кейін бапкерлердің беті бе­рі қарап, Бейжіңге Байдуашевты апа­ратындай көрінген. Бірақ күтпеген жерден ал­да тағы бір турнир шықты. Бастары қат­қан бапкерлер екі балуанды да Ресейде өт­кен турнирде тағы бір рет сынап көрмек бол­ды. Алайда салмақ қуып әлсіреген Бай­дуашев сол додаға барған жоқ. Ал Ла­лиев жеңіліп қалса да, жаттықтырушы­лар ке­ңесі оны Олимпиадаға алып кетті.
Жалпы, Ермек еркін күреспен шұ­ғыл­да­нуды өте кеш бастады. Бірақ өзінің қара кү­шінің арқасында белестерді тез-ақ ба­ғын­дырып, азғана уақыттың ішінде ұлт­тық құрама мүшесі атанады.
– Үйде жеті ұл, бір қызбыз. Мен кен­же­сімін. Түлкібас ауданының Машат ауылынанбыз ғой. Бала кезде көкпар қуып, бәйге шауып өстік. Үлкен астарда қазақ күресіне де қатысып, топ жарған кездерім де болды. Бірақ еркін күреске 11-сыныптан бастап қана ден қойып айналыса бастадым. Көбі «саған кеш болып кетті. 17 жаста адам спортқа келуші ме еді?» деп ақылдарын айтатын. Бірақ алғашында өзім үшін қатысып, кейін қалай кәсіби балуан болып алғанымды байқамай қалдым. Алғашқы бапкерім – Жангелді Жұмабаев, – деп еске алады Байдуашев балалық шағын.
Олимпиададағы мүмкіндігі: Әлбетте, Ермек бірінші кезекте тәжірибесіне се­нетін болады. Бірақ Олимпиада ойын­дарында «мен» деген мықты бал­уан­дар­дың көптеп жиналатынын ескерсек, жүл­делі орындардан көріну жерлесімізге оңай болмайды.
Басты қарсыластары: Жалпы, спорттың бұл түрінде де Ресей, Куба, Әзірбайжан бал­уандарының дәурені жүріп тұр. Сон­дықтан бірінші кезекте жеребенің осы саң­лақтарға жолықтырмауын тілеуіміз ке­рек.
Алтай Танабаев, еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері:
– Екеуі де – мықты балуан. Көпті көрген, тәжірибелі. Жалпы, мен балуандарға: «Жанкүйерлер сендерді әуежайдан гүлмен шығарып салады. Солай күтіп ала­тындай болайық. Басымызды төмен салмай, еңсемізді тік ұстап елге оралатындай көрсеткішке қол жеткізейік», – деп жетелеріне жеткізе айтып жүрмін. Алла қаласа, екеуінің де әлеуеті медаль алуға жетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста