Біздің олимпиадашылар

Біздің олимпиадашылар

Епті Еркебұлан
Татами көрігін қыздырып жүрген қырандамыздың бірі – Еркебұлан Қосаев. Қараке­рей Қабанбай бабамыздың ауылынан шыққан Қосаев та Тұманды Альбионға серуендеу үшін емес, ел намысын абыроймен қорғау үшін жол шегуге белін бекем буып отыр.  

Еркебұлан Мұратбекұлы Қосаев
Салмағы: 60 келі
Туған жылы: 30.10.1988
Туған жері: ШҚО Үржар ауданы Қабанбай ауылы
Жеке бапкері: Аман Шәріпов
Бүкіләлемдік рейтингте: 13-орын
Жетістіктері: Әлемдік «Гран-при» бәсекесінің жеңімпазы (Абу-Даби, 2011 жыл). 2008-09 жылдардағы Қазақстан чемпионы. 2011 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2011 жылғы әлем кубогының кезеңдік турнирінің қола жүлдегері.
Дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде әр жылдары ел намысын қорғаған бал­уан­дарының ішінен Базарбек Донбай Сид­ней Олимпиадасында 5-орынға ие болып, Бусандағы Азия ойындарында күміспен күптелген. Одан кейін Саламат Отарбаев күресті, бірақ ерен жетістіктерге қол жеткізе алмады. Ал соңғы жылдары бұл салмақта бәсекелестік қайта қы­зып, Бақытжан Қожабеков, Еркебұлан Қо­саев сынды балуандар бой көрсете бас­тады. Ал былтырғы әлем чемпионатына жастар арасында дүниежүзін бағын­дырған Елдос Сметов барды. Бірақ бұға­на­сы қатпаған жас өреніміз екінші айналымнан аса алмады.
Ал Лондон Олимпиадасына Еркебұлан Қосаев баратын болды. Халықаралық дзю­до федерациясының Олимпиада ой­ын­дарына іріктеген жаңа жүйесінде Ерке­бұ­ланның бағы жанды.
Еркебұлан татамидің хас шебері болмаса да, кей сәттерде өз өнерімен көп­ші­лікті сүйсіндіретіні бар. Бәрі де көңіл кү­йі­не байланысты. Ол әйгілі Алакөлдің жа­ға­сында өскен. Бұрын Жарбұлақ, қазір Қабанбай ауылы аталатын Шығыс Қазақ­стан облысының Үржар ауданына қарасты елді мекенде туған. Киелі ауыл – бұл. Ала­көлден үш шақырым жердегі ауылдан 1998 жылы дзюдодан дүниежүзілік жас­өс­пірімдер арасында топжарған Ерлан Сі­ләмбаев, Олимпиада ойындарына екі мәрте қатысқан Сағдат Садықов секілді белді балуандар шыққан.
Алғашқы бапкері – Аман Шәріпов. Дзюдомен айналысқанына 10 жыл болды. Алғаш рет 2004 жылы бапкерлер кө­зі­не түсе бастады. Аман ағасы жасөс­пі­рім­дер және жастар арасындағы дода­лар­ға қосқан. Еркебұлан бапкер сені­мін ақ­тап, жасөспірімдер және жастар ара­сын­дағы ел біріншіліктерінде топ жарды. Содан соң ересектер арасында да (алғаш рет 2008 жылы Қара­ғандыда) Қазақстан чемпионы атанды. Бір жылдан соң ел біріншілігінде осы жетістігін қайталап, кез­дейсоқ чемпион болмағандығын дә­лел­деді. Осылай 60 келіде белдесетіндер өзі­нен қаймыға­тындай дәрежеге жетті.
Артық сөзі жоқ, біртоға жігіт. Өзінің не­гізгі қолданып жүрген әдісі «диірмен» бо­латын. Сол «диірменге» түсіп қалып, шыр айналмаған балуан жоқ. Өкінішке қарай, Халықаралық дзюдо федерациясы бұл тәсілді алып тастап, Еркебұланға кү­ресу қиынға түсті. Өзінің сүйікті әдісін ұмы­ту, бейімделу оңайға түскен жоқ. Биыл Алматыда өткен әлем шеберлері арасындағы турнирде өзбек Собировты жеңіп жатып, диірменге саламын деп, татамиден шығып қалды.
Олимпиада лицензиясы жолындағы ең көп ұпай еншілеген додасы – 2011 жы­лы Абу-Дабиде өткен «Гран-при» бәсекесі болды. Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне әлемнiң 60 елiнен 370 татами шеберi келген болатын. Еркебұлан Қосаев бұл турнирде барлық қарсыласын иппон әдiсiмен таза жеңдi. Әуелі монакалық Ян Сикардидi, одан кейiн австриялық Людовиг Пайсчерді жықты. Жартылай финалда немiс Тобиаш Энгельмайердi жолынан тайдырды. Финалда моңғол үмiтi Бол­дбаатар Ганбатты сан соқтырып, же­ңiм­паз атанды. Одан соң Грузияда өткен әлем кубогінің кезеңдік турнирінде жүл­деге ілінді. Тағы да бірнеше халықаралық турнирлерде жүлдегер атанды. Алма­тыдағы әлем кубогының кезеңдік белдесуінде қола медаль алды.
Еркебұлан Қосаев:
– Жақында елге барып келдім. Ха­лық­тың қошеметі ерекше. Ондайды күт­пеп едім. Бәрі жолымның оң болуын тілеп, қамшылап жатыр. Жерлес­те­рімнің, отандастарымның сенімін ақ­тау үшін аянбаймын. Бұл не белбеу ке­тетін, не бел кететін жауапты сын ғой. Ауылым батыр атам Қаракерей Қа­бан­байдың атымен аталады. Баба аруа­ғы қолдап, жүлдеге ілінуге тиіспін.
Аман Шәріпов, жеке бапкері:
– Негізі, Еркебұланның бойында қаракүші басым. Өйткені жастайынан көлге шомылып, күш-жігері әбден толысқан. Сол көл жағасында, жылда ауыл балалары арасында дзюдодан турнир өткізетінбіз. Бірде Еркеш келіп күресті. Айла-тәсілдерді онша білмесе де, күреске икемі бар екен. Содан бірден Семейге алып кетіп, тәрбиеледік қой. Былайша айтқанда, көлде жүр­ген жерінен алып келдік. Аз сөйлейді, өсек-өтірікке жаны қас. Өзгелер сияқ­ты самбо немесе қазақша күрестен кел­ген жоқ. Бұл орайда дзюдоға адал деуге болады. Үнемі жігерін жанып, намысын қайрап отыру керек. Кейде мен жанында болмай қаламын. Ал жанында мен жүрсем, үнемі жүлдеге ілінеді. Былайша айтқанда, маған үйреніп қалған, күрескенде мені көп тыңдайды. Қазір ұлттық құрама бап­кер­лерінің бірі Нұрбол Сүлейменовтің қол астында жаттығып жүр. Жолына үз­діге, үлкен үмітпен қараймын. «Чемпион болмаса да, жүлдеге іліну керек» деп топшылап отырмыз. Тәжірибе жинап, ысылып қалды. Енді тек іске сәт дейміз.

Басты қарсыластары
60 келі сал­мақта кіл мықтылар көп-ақ: жапон Хироуоки, өзбек Собиров, ресейлік Галстян, грузин Зантария. Бірақ Еркебұлан бәрімен де белдескен. Олармен қалай күресуді де біледі.
Артықшылығы мен кемшілігі
Еркебұланның басты қателігі, өзінің диірмен әдісін қолдана бергісі келеді. Қазір ол әдіс дзюдо ережесінде жоқ. Сүйікті әді­сі мен бұрынғы әдетінен арыла алмай жүр. Ал күрескенде ұстағанын жібермейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста