Бесінші рет әлем чемпионы атанамын

Бесінші рет әлем чемпионы атанамын

Ерболат Байбатыров, самбодан төрт дүркін әлем чемпионы:


Қазақта Ерболат Байба­ты­ров­тан басқа әлемнің төрт дүркін чемпионы атан­ған спортшы жоқ. Рас, ол қатысатын спорт түрі, яғ­ни самбо Олимпиада бағдарла­ма­сына енбеген. Бірақ бұ­дан қандасымыздың медаль­да­рының құны түспек емес. Өз күшіне нық сенімді Ерболат дүниежүзін тағы бір мәрте мо­йындату үшін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда. Туған жері Орал қаласында жат­тығып жүрген жампозымыз өмі­рінің соңғы өзгерістері жай­лы «Алаш айнасына» көлемді сұх­бат берген еді.

– Үстіміздегі жылдың қараша айында Бе­лоруссия астанасы Минскіде әлем чем­пио­наты өтеді. Міне, бүгінде сол додаға да­йындықты қызу жүргізіп жатырмыз. Алла қа­ласа, бесінші рет әлем чемпионы атануды көз­деймін, – деп бастады әңгімесін Ерболат Бай­батыров. — Қарсыластарымызды зерт­теу­деміз. Әлсізі жоқ. Бәрі де шетінен мық­ты­лар. Оның үстіне, соңғы кездері Белорус­сияда самбо қарқынды дамып келеді. Сондықтан жеңіс оңайлықпен келмейтінін сезіп тұрмын. Бірақ өзімнің шамамды да білемін ғой, жеңіске жетуге тиіспін.
– Дайындық барысы қалай өтіп жатыр?
– Әлем біріншілігінің басталуына екі ай­ға жетер-жетпес уақыт қалды ғой. Ішкі до­да­ларға қатысып, дайындықтарымызды пысықтаудамыз. Жеке бапкерім Райымбек Мең­діғалиевпен әртүрлі жаттықтыру ме­тод­тарын қарастырып, өзімізге пайда­лы­ларын сіңіріп жатырмыз. Күрес түрлерінен есімі барша қазаққа жақсы таныс жат­тықтырушы Керей Қойшыбек те Оралға арнайы келіп, білгендерін үй­ретуде.
– Жалпы, бұл сіздің нешінші әлем чемпионатыңыз?
– Бұған дейін бес рет дүниежүзілік додада бағымды сынап көріппін. 2007 жылы ақтық сынға бір қадам қалғанда сүрініп, қоланы қанағат қылғанмын. Одан кейін қатарынан төрт рет жеңіспен оралдым. Осы жолы да сол биіктіктен кө­рі­нуге шамам жетеді.
– Отбасын құрдыңыз. Ұлды болға­ны­ңызды да естідік. Бауы берік бол­сын! Осыған орай бір сұрақтың туын­дап тұрғаны. Әдетте үйленген жігіттер сал­мақ қосушы еді. Әлем чемпиона­тын­да қай келіде белдесесіз?
– Мен екі рет 52 келіде әлем чемпионы ата­нып, екі рет 57 келіде жеңіс тұғырына көтеріліппін. Үйленгеніме қарамастан, әлі де сол салмағымды сақтап тұрмын. Жо­ғары салмаққа өту, әзірше, ойымда жоқ. Толып кетсең, бабыңды жоғалтасың. Сондықтан күнделікті жаттығуды үзбей, әрдайым қалпымда болуым керек.
– Ерболат, жасыратыны жоқ, сам­боға қарағанда, олимпиадалық спорт түр­лерінде әлем чемпионы атанып жүр­ген саңлақтарымызға көрсетілетін құр­мет айрықша. Осы орайда, спорт түрін таңдауда қателестім деп ойла­май­сыз ба?
– Жоқ, менің таңдауым әу баста-ақ сам­бо болды. Самбоның арқасында төрт дүр­кін әлем чемпионы атандым. Кім біле­ді, басқа спортпен, атап айтсақ, дзюдомен ай­налысқанымда осы жетістіктерге жете алар ма едім?! Алланың қалауы солай екен, осыған да мың да бір шүкір. Рас, кей­де Олимпиада ойындарын қарап отырып, же­ңімпаздарымызға жасалып жатқан құр­меттерді көріп, «неге самбо олимпиадалық спорт түрі болмады екен?» деп қынжыла ой­лап қоямын. Қанша деген­мен спорттық шың­ның ең биігі – Олимпиада ғой. Әл­бет­те, төрткіл дүние көз тіккен додаға қаты­сып, жеңіске жеткің келеді. Бірақ дзюдоға қа­рағанда, сам­бо­ның ережелері, бел­де­сулері әлдеқайда қызықтырақ.
– Ал самбодан дзюдоға ауысқыңыз келмей ме?
– Лондон Олимпиадасына бір жыл қал­ғанда Тұманды Альбионда өнер көр­сетуді армандап, дзюдо татамиіне ауыс­қанмын. Бірақ бір жыл дегенің аз уақыт екен. Оның үстіне, ережесіне үйренісе ал­май, біраз жүрдім. Өйткені сырт көзге ұқ­сас болып көрінгенімен, соңғы кездері сам­бо мен дзюдодағы ережелер айыр­ма­шы­лығы жер мен көктей болып кетіпті. Дзю­доның аясын тарылтып, классикаға ай­налдырып жіберген. Әдіс-айлалар аз. Ер­кін күресе алмайсың. «Анау болмайды, мы­наған рұқ­сат жоқ» дейтін нәрселері тым көп. Самбоның еркін әрі қарапайым әдіс­те­ріне үйреніп қалған мен үшін дзюдоның қа­зіргі ережелері таңсық болды. Оны ай­та­сыз, дзюдошыларымыздың өздері де бұған әлі үйренісе алмай жүр ғой. Себебі қазақ еркін­дікке үйреніп қалған. Тіпті ха­лық­­аралық додаларда да шетелдік сарап­шы­лар қазақ спортшыларының бірегей, жан-жақты болып келетінін жиі айтады. Біз тар ереженің аясында өнер көрсетуге көн­дік­­пе­генбіз. Олимпиада ойындары кезінде де бай­қадым, қандастарымыз дзюдоның қазіргі ережелеріне толық үйренісіп кете қоймапты. Ал, жалпы, негізі, талап солай болғандықтан бәрін тез меңгеруге тыры­суы­мыз қажет. Өзім де әлі дзюдо тата­миінде күресуден кет әрі емеспін. Қазан айының соңында дзюдодан ел біріншілігі өтуі тиіс. Соған мен де қатысамын.
– Ал самбо спортының Олимпиада бағдарламасына енуіне не кедергі деп ойлайсыз?
– Негізі, сыбыстар бар. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро ойындарының бағдар­ла­масына еніп қалуы мүмкін. Бұл туралы сарап­шылар жиі тілге тиек етіп жүр. Өйт­кені бүгінде самбодан әлем чемпионатында да, спорттың басқа түрлеріндегідей 50-60 шақ­ты елдің балуаны келіп жатады. Оның үстіне, самбоның ережесі қызық, дзюдоға қарағанда тартымдырақ. Мұнда аяқтан көтеріп лақтырасың ба, белінен ұстап «жұ­лып» аласың ба, ерік өзіңде. Олимпиада бағ­дарламасына енсе, ережелерін одан да қы­зықты қылады. Дегенмен жақын арада Олим­пиада ойындарының бағдар­ла­масына енбесе, 2016 жылы дзюдо спор­ты­нан Рио Олимпиадасына қатысуға ты­рысамын.
– Ерболат, енді самбоға қалай кел­гендігіңіз туралы айтып өтсеңіз. Басқа спорт түрімен айналыспадыңыз ба?
– Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында туып-өскенмін. Бізде сол кезде самбо үйірмесі жақсы дамыған болатын. Әлем чемпионы атан­ған әйгілі Қоныс Жетпісов те біздің ауылдан. Бәлкім, сол ағамыздың септігі тиген шығар. Бала кезімізде соларға қарап өстік қой. Бірінші сыныпта мектебімізде самбо үйірмесі бар болатын. Үлкен сынып­тағы ағаларымыздың жаттығуларын көру үшін қоңырау кезінде бүкіл бала сонда шулап баратынбыз. Қызығына батып, келесі сабақтан қалып қойған кездеріміз де аз емес. Сөйтіп жүріп, өзіміз де самбошы болып кеттік. Кейін 2007 жылы ересектер сапына ауысқанда Президент кубогына қатысып, бас жүлдені жеңіп алдым. Финалда 2006 жылғы әлем чемпионын жең­ген соң құлшынысым одан әрмен артты.
– Сіз төрт дүркін әлем чем­пио­ны атандыңыз. Әлі қанша рет дү­ние­­жүзін бағындыруға қауқа­ры­ңыз же­теді?
– Осы жолғы әлем чемпионатын жеңіп ала­йын, сосын болашаққа ақырындап жос­пар құра беремін. Адам темірден жа­рал­маған ғой, дегенмен әлі бірнеше жыл кү­ресуге шамам жетеді. Сосын балам Ер­дәу­летке көңіл бөле бастаймын. Егер ын­тасы болса, ол да менің ізімді қуар. Есімін де Дәулет Тұрлыханов ағасына ұқсасын деп, бір жағынан өзімнің есіміме жа­қын­датып қойдым.
– Әңгімеңізге рақмет, Ерболат! Жеңістерге жете бергейсіз. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста