Қазақстан көгалдағы хоккей федерациясының президенті Берікқазы Сексенбаев осы спорт түрінен Азия федерациясының атқару комитетіне мүше болып сайланды.
Қаңтар айының ортасында Куала-Лумпурде (Малайзия) көгалдағы хоккейден Азия федерациясының 56-шы конгресі өтіп, онда атқару комитетіне жаңадан мүшелер сайланды. Азия федерациясының 28 өкілінің 26-сы Беріққазы Сексенбаевтың кандидатурасына дауыс беріп, еліміздің көгалдағы хоккей федерациясының басшысы аталмыш комитетке мүше болып сайланды. Мұның Қазақстан көгалдағы хоккейінің мәртебесін өсіріп, одан әрі дамуына септігін тигізеді деген үміттеміз.
Жаңа лауазымыңыз құтты болсын, Беріққазы Төлеубекұлы!
Берікқазы Сексенбаев халықаралық федерацияда
Последние статьи автора