Бекзат Саттарханов Сеул Олимпиадасының чемпионы ма?

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске түсіруге арналған жастар арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды.

Егер тірі болғанда, құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Бекзат 4 сәуір күні 30 жасқа толар еді. Арамызда жоқ болса да, осы күнді жыл сайын атап өту үшін оның туған жерінде, яғни Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов турнирі дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жас боксшыларымыздың шеберлігін шыңдау мақсатында өтетін осынау байрақты бәсекеге биыл Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің барлық аймағынан 100-ге жуық жас былғары қолғап шеберлері келіп, бес күн бойы Түркістан төрінде керілген шаршы алаңда 11 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

Бейресми емес командалық есепте оңтүстікқазақстандықтар төрт алтын еншілеп, бірінші орынға ие болса, алматылық боксшылар бір алтын, екі күміс және екі қола жүлдемен екінші орынға орналасты.

Турнир қорытындысында мына боксшылар жеңімпаз атанды:
Данияр Кантаев (48 келі, Жамбыл облысы), Қанат Тұрғанбаев (51 келі, Қарағанды облысы), Арай Абылғазимов (54 келі, Астана қаласы), Мұса Сахов (57 келі, ОҚО), Дәулет Әбдірайымов (60 келі, ОҚО), Сағадат Рахманқұлов (64 келі, Жамбыл облысы), Дархан Мықтыбеков (69 келі, Алматы), Роман Кривогузов (75 келі, Ақтөбе облысы), Наурыз Тілеубаев (81 келі, ОҚО), Николай Базалин (91 келі, ШҚО) және Бақытжан Ысмайылов (+ 91 келі, ОҚО).

P.S. Біз неге Бекзатты ұмытып барамыз? Жыл сайын осы турнирде ғана еске алатындаймыз. Өкінішті-ақ. Ал басқадай шаралар мүлде ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ең сорақысы, Алматы қаласы ономастикалық комиссиясы Бекзат Саттархановтың атына бір қысқа көшені беріп еді. Бірақ оны «Алматы көшелері» анықтамалық энциклопедиясына Сеул Олимпиадасының чемпионы деп жазып жіберіпті...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста