Бапкерлер есеп берді

Бапкерлер есеп берді

Күрес түрлерінен Манилада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының нәтижелерін қорытындылау үшін ҚР күрес федерациясы кеше Алматыда журналистерге арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Бұл – жиынға еліміздің жастар құрамасының бапкерлері мен ҚР күрес федерациясының бірінші вице-президенті Юрий Мельниченко қатысты. Бірінші болып сөз алған грек-рим құрамасының аға бапкері Нұрым Дүйсенов шәкірттерінің жетістіктерін бағамдай келе былай деді:
– Біз грек-рим күресінен әрдайым Азия чемпионатынан олжалы оралып жүрміз. Кей жылдары, тіпті командалық есепте де топ жарғанбыз. Мәселен, бүгінгі таңда ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген Айбек Еңсеханов, Асхат Құдайбергенов, Шыңғыс Қайырмағанбетов сынды талантты балуандардың кезінде, яғни осыдан екі жыл бұрын Азияда төрт алтын жүлде жеңіп алғанын әлі ұмыта қоймаған боларсыздар.
Ал еркін күрес құрамасының аға бапкері Алтай Танабаев Азия чемпионатына тыңғылықты дайындалғандарын айтып, соның арқасында Манилада жеті балуанның бесеуі жүлдеге ілінгенін жеткізді.
Ұлттық құрамамыздың алаңсыз дайындалуы үшін федерация тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалды. Тіпті жігіттердің командалық есепте Иран құрамасының алдын орайтын мүмкіндігі де болды. Өкінішке қарай, тәжірибенің аздығынан бір балуанымыз финалда парсы спортшысына есе жіберіп алды. Ендігі жерде біз осы олқылықтың орнын толтыру үшін жұмыс жасаймыз», – деді Алтай Танабаев.
Өз кезегінде қыздар арасында еркін күрестен жалғыз Азия чемпионы атанған Зульфия Яхъярова былтырғы жетістікті қайталағанымен, Филиппин боз кілемінде топ жару оңайға түспегенін жеткізді.
– Жапония мен Қытайдан келген қарсыластарым мықты болды. Алайда бапкерім дер кезінде ақыл-кеңес беріп, қарсыластарымнан басым түстім. Енді бір айдан кейін Түркияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастаймын. Сол сында да алтыннан алқа тағынып, ел мерейін тағы бір асқақтатсам деген ойдамын», – деп Зульфия алдағы жоспарымен таныстырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста