Байбаха бапкердің құпиясы

Байбаха бапкердің құпиясы

Байбаха Белялов. Көпшілікке аса таныс есім болмағанымен, бокссүйер қауым арасында кеңінен танылған бапкер. 2009 жылдан бері тек қыздарды ғана жаттықтырып келеді. Ерекшелігі сол, бұл бапкер қыздарды өз үйінде баптап, табиғи жолмен жаттықтырып, өз балаларындай асырайды.
Дегенмен бес саусақ бірдей емес қой, Байбаха бапкердің жаттықтыру әдісі бі­реулерге ұнаса, біреулерге жабайы көрін­ген. Қыздарды өз балаларындай көріп, өз үйін­де асырап, бағып, баптағаны үшін талай өс­ек-әңгімеге де қалған. Тіпті «Байбах қыз­дар­ды үйінде құл қылып ұс­тай­ды екен» де­ген сынды әңгімелер де шаршы алаң ма­ңын­дағы мамандар мен боксшылар ара­сында гу-гу тарап кеткен. Бәрінен де жат­ты­ғып жүрген қыздарға обал. Әр­түрлі тур­нир­лер кезінде «ооо, «тау қыз­дары» келді» деп, құрбылары кекесінмен күтіп ала­ды екен. Бірақ жақында Моңғо­лияда өткен Азия бі­ріншілігінде қола жүл­дегер атан­ған Гүл­жан Әкімованың осы маманның төл шә­кірті екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Сонымен не керек, әлгіндей әңгімелер­дің шеті бізге де жетіп, Байбаха бапкердің «жабайы» жаттықтыру әдісін өз көзімізбен көру үшін үйіне барған едік.
Достық даңғылының жоғары жағын­да­ғы «Тас үстірті» ауданында тұрады екен. Аула­ның арғы жағына өтсең, бірден алма­бақ­қа тап боласың. Табиғаты ерекше, қы­рат­ты аймақ. Есік алдынан жылы күтіп ал­ған Байбахан бапкер бірден сол жаққа бастап барды.
– Міне, қыздар осында жаттығады. Таң­ертең ерте тұрып, табиғат аясында тау­ға өрлей жүгіреді. Содан кейін таңертеңгілік астарын ішіп, жаттығуға қайта кіріседі. Қу­раған алма ағаштарын аралайды, оларды бір шақырымдай жерден үйге дейін сүйреп келеді де, балтамен шабады. Жазда шал­ғымен шөп шабады, – деп Байбаха бапкер өзінің жаттықтыру әдістерімен таныстыра бастады. Бірақ, шыны керек, әлгі сөздерінен алғашында өзіміз де тіксініп қалдық. «О заман да, бұ заман, бұл не қыл­ған жаттығу?» – деп бапкердің өзіне қарсы сұрақ қойдық.
– Үйдің алдындағы жаттығу залын жаңа өзіңіз де көрдіңіз. Ол жақта спорт­шыға керектінің барлығы бар. Груша дейсіз бе, зілтемір дейсіз бе – бәрі де жеткілікті. Онда тек қыста жаттығамыз, – деп Байбаха аға әңгімені одан әрі өрбітті. — Дегенмен табиғат аясында жаттығып, табиғи әдіс­термен шыңдалғанға не жетсін?! Мәсе­лен, жаттығу залында сенің белгілі бір мү­шелерің ғана жұмыс істеп тұрады. Барлық мүшеге бірдей әсер ететін жаттығу құрал­дары жоқ. Ал шөп шапқанда сенің барлық мүшең бірдей жұмыс істейді. Қол да, аяқ та, бел де қимылдап тұрады және де бәрін де бір қалыпты, бір жүйеде жасайсың. Сон­дай-ақ шөп шауып тұрған адамның тұры­сы мен шаршы алаңдағы боксшының тұрысы тура бірдей. Яғни шалғымен шөп шабу боксшының жаттығуындағы негізгі процестердің бірі болуы керек. Ал енді талдардың бұтақтарына турникке тартылуды алайық, зілтемір орнына ағаш бұтақ­тарын, томарларды көтеруді қарастырайық. Негізі, темір турникке тартылып, темір штан­ганы да көтере беруге болады ғой. Бірақ медицинада темірдің магниттік қа­сиеті адамның бойындағы энергияны өзіне сорып алатыны дәлелденген. Сондықтан бұл тұрғыда да табиғи жаттығу әдістеріне жүгінген жөн. Ал тауға өрлей жүгіру, қа­шықтан бұтақтарды сүйреп келу – бұлар да спортшының физикалық әлеуетін арттырады. Бір жағынан, қураған ағаштарды аралау арқылы табиғатты аялауға да өз үле­сімізді қосамыз.
Иә, шынында да, байыбына барған адамға бұл әдістердің маңызы өте зор. Мәселен, кезінде әлем және Олимпиада чемпионы болған, Ресей құрамасының бас бапкері қызметін атқарған Александр Лебзяк өткен жылдары Байбаха ағаның үйін­де қонақта болған екен. Сол кезде таби­ғатқа тамсанған танымал боксшы: «Байбах, сенің әдістеріңмен мынадай табиғат аясында жантайып жатып-ақ чемпиондарды тәрбиелеуге болады ғой», – деп еріксіз басын шайқапты. Міне, сол әдістердің ар­қа­сында ғой Гүлжан Әкімованың бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, Азия біріншілігінде үздік үштіктен көрінгені. Қазір де Байбах ағаның үйінде бес-алты қыз тәрбиеленуде. Олардың бірі Алматы облысының өкілдері болса, бірі – Қа­зақстанның шалғай аймақтарынан.
— Мысалы, мына Кристинка Федоренчик пен тағы екі қызды сонау Баянауылдан жетектеп алып келдім, – деп Байбаха бапкер шәкірттерін қалай іріктеп алғаны жөнінде айтып берді. — Әмина Аманқұлды өзінің әкесі әкеліп, «еті – сенікі, сүйегі – ме­ні­кі» деп сеніп тапсырды. Тоғжан Сызды­қо­ва да – Алматының тумасы. Дегенмен бә­рі де өз үйімде тұрып, осында жаттығады. Рас, сабақ мәселесімен Тоғжан мен Әми­наны «Шаңырақ» ықшамауданындағы спорт­қа дарынды балаларға арналған мек­теп-интернатқа жіберуіме тура келді. Де­генмен аптаның қай күнінде болсын, олар осында келіп, жаттығуларын өткізе алады. Жақында оларды түбегейлі өз қо­лыма көшіріп алуды да қарастырып отырмын. Айта кетейін, қай-қайсысынан болсын, болашағынан мол үміт күтемін. Тоғ­жан мен Әмина Қазақстан жастар құра­масының сапына да кіреді. Бойжеткендер арасында ел чемпионы атанып та үлгерген. Жалпы, өзіме шәкірт таңдағанда кез келген қызды ала салмаймын. Олардың ши­рақтығына, ептілігіне қараймын. Ал, негізі, ерлерге қарағанда қыздар әлдеқайда дарынды болады екен. Айтқаныңды екі етпей қағып алады, қателігін айтсаң, ендігіде қайталамауға тырысады. Ұлдардан артық­шылықтары – сол. Дегенмен олардың кейде тілін табу, ойын түсіну қиын. Көңіл күйлері құ­былмалы, тура Алматының ауа райы се­кіл­ді. Кейде «бүгін жаттығу жасамаймын, көңіл күйім болмай тұр» дей салуы да мүм­кін. Ондай кезде жеңгең Бейбіткүл олар­дың тілін табу үшін барын жасайды. Мә­се­лен, Әмина қаланың екінші бұры­шын­да тұрады. Таңертең жаттығуға алып келу үшін сонда барамыз. Оның әке-ше­ше­сі жұ­мыс­та. Өзі үйінде бала қарайды. Он­дай кез­де жаттығуды үзбейін деп әйелім сол отбасының баласын қарайды да, Әми­на жаттығуға кіріседі, – деп Байбаха аға бұл мамандықтың машақаты туралы да айтып берді.
Жалпы, Байбаха Беляловтың айтуынша, бүгінде қыздар боксы өрге басып келеді. Олимпиада бағдарламасына ену арқылы болашақта ерлер боксымен де терезесі тең, дәрежесі бірдей болатын жағ­дайға жетеді. Мәселен, жақында Таразда өткен Қазақстан біріншілігіне барлығы 150-ден астам былғары қолғап киген ару жиналыпты. Мұның өзі – бүгінгінің үл­кен жетістігі. Дегенмен қыздар боксында әлі де болса шешімін таппаған күрделі мә­се­лелер көп. Оның барлығын шешу үшін Бай­баха Белялов секілді бапкерлердің саны бі­реуден бірнешеуге артуы керек.
Ерік АЛҒАБЕК, Әйелдер боксынан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:
– Байбах қыздар боксына 2009 жылдан бері араласып келеді. Оған де­йін де ел боксының жанашыры болған. Турнирлерден қалмайтын. Қолынан келсе, көмегін де аямай, Алматыда өт­кен турнирлер кезінде өз үйін тегін қо­нақ­үй ретінде ұсынатын. Оның төл шә­кірт­терінің бірі Гүлжан Әкімованың же­тістігін білесіздер. Қазір де маған кө­мектесіп, елімізде қыздар боксының өр­кендеуіне үлес қосып жүр. Ал әлгін­дей «Байбах қыздарды үйінде құл етіп ұс­тайды екен» деген әңгімелер – бос сөз. Оның жаттықтыру әдісі – спортқа на­ғыз қажетті дүние. Егер мүмкіндіктер бо­лып жатса, боксшыларды сондай әд­іс­термен жаттықтырғанға не жетсін?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста