Әлем чемпионын әкім қабылдады

Жуырда облыс әкімі Бақты­қожа Ізмұхамбетов әлем чемпионатында ел мерейін асқақтатқан самбошыларды қабылдады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сам­бо­дан Литваның Вильнюс қаласын­да өткен әлем чемпионатында батыс­қазақ­стан­дық Ерболат Байбатыров 57 келі сал­мақ дәрежесінде үздік шығып, төртінші рет әлем чемпионы атанды. Ал 52 келіде Медет Оңдағанов күміс жүлдеге ие болса, әс­кери самбодан Бауыржан Ғұмаров қола медаль еншілеген еді.
«Қазақстан соңғы жылдары дүние­жү­зілік аренада көптеген жетістіктерге қол жет­кізсе, соның ішінде спорт саласындағы жеңі­сімізді мақтанышпен айтуға болады. Спорт арқылы еліміздің байрағы желбіреп, Ән­ұраны шырқалып, мемлекетіміздің ме­рейі көтеріледі. Ерболат Байбатыров елі­мі­зді төртінші рет осындай мәртебеге жет­кізіп отыр. Қазақстан тарихында қата­рынан төрт дүркін әлем чемпионы бол­ған спортшы жоқ», – деді Бақтықожа Сала­хатдинұлы.
Облыс басшысы құттықтау сөзінен ке­йін жеңімпаздарға ақшалай сый ұсынды.
Өткен жылдан бастап дзюдо күресіне бетбұрған Ерболат желтоқсанда Кореяда өтетін әлем кубогына қатыспақ. Бұл жарыс­та 2012 жылы Лондондағы Олим­пиа­да ой­ындарына баратын спортшылар анық­талып, лицензия беріледі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста