Әйелдер құрамасында былық көп - Бақыт Сәрсекбаев

Әйелдер құрамасында былық көп - Бақыт Сәрсекбаев

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Токио Олимпиадасы кезінде белсенділік танытып, боксшыларға қатысты ақыл-кеңесін, ой-пікірін білдіріп отырды. Одан кейін де әйелдер боксындағы кикілжіңге араласты. Express Qazaqstan тілшісі чемпионмен осы және басқа сұрақтар төңіргенінде эксклюзивті сұхбат алған болатын.

 

instagram.com/nazym_kyzaibay09 / instagram.com/angelina_lukas1997

 

Express Qazaqstan: Бақыт, Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас арасындағы кикілжіңде неліктен Лукасты қолдадыңыз?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Менің бұл мәселеге араласуымның өзіндік себебі бар. Өйткені өзім боксшы әрі Олимпиада чемпионы ретінде әділетсіздікті көріп тұрғанда тыс қала алмадым. Өздеріңіз де көріп отырсыздар, әйелдер құрамасында былық көбейіп кеткен. Халық арасында резонанс туды. Бәріміз жабылып, бір қыздың тағдырына балта шабуға болмайды ғой. Спортта ең бастысы әділеттілік керек. Таза іріктеу болғанын қалаймын. Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын тек мықты спортшы қорғауы тиіс. Менің бұл жердегі ұстанымым осы ғана.

 

Express Qazaqstan: Назым мен Лукастың бұған дейінгі Қазақстан чемпионатындағы кездесуін көрдіңіз бе? Егер рингке екеуі шықса, Ангелинаның жеңуге шамасы жете ме?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Қазір әлемде ерлер боксымен қатар әйелдер боксы да қарқын алып жатыр. Реті келгенде қызықты жекпе-жектер болса көріп тұрамын. Бұл боксшылардың бірнеше кездесуін көргенмін.Екеуі де — еліміздің үздік боксшылары. Назым қарындасымызбен мақтанамыз. Екі дүркін әлем чеммпионы. Әрбір салмақта кемі осындай бәсекелестік болуы тиіс. Өзара кездесуде қайсысының дайындығы жоғары болса, сол жеңіске жетеді. Маған кімнің жеңгені маңызды емес. Бастысы, кім мықты, сол әлемдік деңгейде ел намысын қорғағаны керек. Спорттық принципті бірінші орынға қоямын. Егер Назым өзінің үздік екенін дәлелдеп жатса, онда әлем чемпионатына барып жатса, кім қарсы болады. Назым қарындасымыз үшінші рет әлем чемпионы атанып жатса, ең бірінші болып қуанатындардың қатарындамын.

 

Express Qazaqstan: Әлеуметтік желіде кейбіреулер мұны хайп деп жатыр. Тіпті, Бақыт осындай ұрыстарды жақсы көреді дегендер бар. Бұған дейін бапкерімен, әйелімен де соттасқан. Сондықтан үйреніп алған дейді. Оларға не айтасыз?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Кімнің аузына қақпақ боласың? Хайп дейтіндер айта берсін. Мен ешқашан өзім кикілжіңді іздеген емеспін. Әділдік жолында күресу мақсатым. Пәтер дауына келер болсақ, ол жерде өзіме тиесілі болғандықтан, күресуге тура келді. Қазір чемпиондардың барлығы пәтер алып жатыр. Жеке бапкерім Кәрім Махмұдов мені бала кезден дайындады. Ол кісінің еңбегін жоғары бағалаймын. Ешқашан сатқындық жасаған емеспін. Қазақстанға оралғанымызда барлығын басынан бастадық. Алдымен қала, сосын ел чемпионатында топ жардым. Одан кейін Азия біріншілігі мен Азия ойындарында бағым жанды. Әлем чемпионатында Олимпиадаға жолдама алып, Бейжіңде қазақтың әнұранын орындату бақыты бұйырды. Сол кезде берілген сыйақымды бапкеріме ұстаттым. Бірақ бәрібір де кейін мені сүріндіргеннен әрі аспады.

 

Бақтияр Артаев / Бақыт Сәрсекбаев

 

Express Qazaqstan: Бақтияр Артаевпен екеуіңіз бір-біріңізге БАҚ арқылы бір-біріңізге жиі шабуыл жасап кеттіңіздер. Неліктен осы мәселені жеке телефон арқылы шешпедіңіздер?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Бақтияр Артаевқа ақпарат құралдары арқылы ешқандай шабуыл жасаған емеспін. Тек Ангелина Лукасқа дисквалификация жасауға барғанын естіп, күйініп кеттім. Сол кезде бұрынғыдай ең дұрысы барлық мәселені рингте шешейік деп ұсыныс айттым. Егер Ангелина жеңіліп жатса, онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл спорт.

 

instagram.com/islamkanatqazaq

 

Express Qazaqstan: Артаев бір сұхбатында сізді Қанат Исламнан нокаутпен жеңілген деді. Осының рас-өтірігін айтып берсеңіз?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Бақтиярдың неліктен солай айтқанын білмеймін. Қанат екеуіміз шаршы алаңда екі рет кездестік. 2006 жылы жазғы Азия ойындарында мен басым түстім. Сол жолы чемпион атандым. Одан кейін арада бір жыл өткенде Чикагодағы әлем біріншілігінде ширек финалда жолымыз түйісті. Мен ширек финалға шыққан соң, Олимпиада жолдамасын иелендім. Ал Қанатпен жекпе-жекте жеңілгенім рас. Бірақ ешқандай нокаут болған жоқ. Тек ұпай санымен ұтты. Егер мұрағатты қопарып, видеосын тапқан адам болса, бұған анық көз жеткізеді. Әлем чемпионатын көзі қарақты жанкүйерлер тамашалады ғой, сондықтан барлығын біледі деп ойлаймын. Одан кейін Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында екеуіміз кездескен жоқпыз. Алайда екеуіміз де 69 келіде жүлдеге қол жеткізгенбіз.

 

Бақтиярға менің Токио Олимпиадасы кезінде боксшылардың әрбір жекпе-жегін Youtube-арнада талдағаным ұнамаған секілді. Қызығы, мен Артаевты да, Федерацияны да ол кезде жамандаған емеспін. Керісінше, қолдау көрсетіп жатыр деп айтқанмын. Боксшылардың дайындығы әлсіз болғанын, көздерінде от болмағанын сынағаным рас. Соны естіп алып, телеарналардың біріне берген сұхбатында Тұрсынғали Еділов пен Бақыт Сәрсекбаев құраманы жаттықтырса нәтиже көрсете алмайды деп айыптады.

 

Express Qazaqstan: Жалпы, сіздер 2005-2008 жылдары құрамада бірге өнер көрсеттіңіздер. Ол кезде араларыңыз қалай болды?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Иә, Бақтиярмен бір құрамада өнер көрсеттік. Азия ойындары, әлем чемпионаты, Олимпиадаға бірге бардық. Оқу-жаттығу жиындарында спаррингтік кездесулер де өткізіп тұрдық. Сәлеміміз түзу, ешқашан бет жыртысып, сөзге келісіп көрмегенбіз.

 

Қайрат Сәтжанов

 

Express Qazaqstan: Жақында бокстан ұлттық құрамада бас бапкер ауысты. Қайрат Сәтжанов келді. Бұл маман жайлы не айтасыз?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Ол кісіні бұрыннан білемін. Жасөспірімдер, жастар құрамасында жұмыс істеді. Бірнеше чемпиондарды шығарды. Алайда ересектер арасындағы бокс мүлдем бөлек. Сондықтан оңай болмасы анық. Ең бастысы, сәттілік тілеймін. Бұрынғы бапкерлердің қателігін қайталамаса екен. Бастысы, бұл өзгеріс жаңа жетістіктердің бастауы болса деп үміттенемін.

 

Express Qazaqstan:Өзіңіз қазір немен айналысып жүрсіз? Қандай жоспарыңыз бар?

 

Бақыт Сәрсекбаев: Қайрат Закарьянов басқаратын Қазақ спорт және туризм академиясында еңбек етемін. Талай чемпиондар білім алған оқу ордасында осы күні бапкер құрамы мықты. Өте тәжірибелі мамандар жетерлік. Академия жеке меншікке өткен соң, жалақы көтерілді. Оның үстіне сол жерде магистратура бойынша да білім аламын. Бұрынғыдай емес, бос уақытым баршылық, кітап оқимын. Әсіресе, психология, физилогия бойынша білімімді жетілдіріп жүрмін.

 

2014 жылы эксприменталды құраманың үйлестірушісі болдым. Ол құрамада 18-21 жастағы боксшылар жүрді. Бұл ұлттық құрамаға резерв дайындау мақсатында қол алынған. Сол құрамада болған Тұрсынбай Құлахметтер кейіннен Азия чемпионы атанды. Сондықтан бізге қазір де осындай эксприменталды құрама керек.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста