"Жыныс ауыстыру жұмыс ауыстырудан да оңай" немесе Қазақстандағы пластикалық операцияның қыр-сыры

"Жыныс ауыстыру жұмыс ауыстырудан да оңай" немесе Қазақстандағы пластикалық операцияның қыр-сыры

Құрбым өзін «қалқанқұлақ» санайтын. Оның бар арманы: «өскенде ең бірінші айлығыма құлағыма ота жасатамын» дейтін. Жылдар өтті, әлгі сөзді мен ұмытып кетіппін, алайда құрбым... Бір күні ол маған «дәрігерге барайықшы» деді. Ойымда ештеңе жоқ, «бір жері ауырып жүр екен ғой, не де болса, бара көрермін» дедім де, жетегіне ере жөнелдім. Тек «пластикалық хирургия орталығы» деген маңдайша жазуға келіп маңдайымыз тірелгенде бір-ақ, «мәссаған, сен ұмтыпапсың ғой баяғыңды?» дедім.
Құрбым құлағының қамымен кеткен, кабинет сыртында қалған маған кенет бір ой сап ете қалса бола ма: «Ал егер өзім ота жасатушы кейпінде болып көрсем ше?»... Сөйттім де, әлгінде ғана бір жас дәрігер жігіт кіріп кеткен кабинеттің есігін ақырын ғана қақтым. «Заходите» деді іштен бір дауыс. Өзіме соншалық аянышты түр жасап алдым да, табалдырықтан аттадым. «Присяживайтесь» деген әдемі үн иесінің өзі де көрікті еді. Маған «ал айта отыр» дегендей жанарын тік қадаған күйі үнсіз қалды.
«Дело в том что, меня не устривает моя внешность?»... деп салдым ә дегеннен. «Что именно?» деді ол. Нос, губы... шәлду-бәлду, ойыма келгенді ұрып отырмын. Әдейі мені біраз сөйлетіп алғысы келді ау деймін, аздан соң дәрігердің өзі де шыдамады күліп жеберді. «Вы журналист?» демесі бар ма? Бағанадан бері өзімше рөл ойнап сендірмекші болған еңбегімнің еш кеткеніне ызам келіп, «а вы случайно не экстрасеанс?» дегім келді де, тілімді тістеп қалдым. «Да, откуда вы узнали?» деп едім, сеземіз ғой дегендей жымиды. Сөйтті де, өте мәдениетті түрде «извините, я не имею право давать интервью, да еще я должен обслуживать клиентов которые сейчас уже ждут не дождутся сюда попасть» деді. Не деймін, шықтым да жүре бердім. Қарасам, құрбым құлағын да ұмытып, мені таппай аласұрып жүр екен. Әлгі дәрігерді әңгімеге тартамын деп отырып, өзімнің тіпті о баста не мақсатпен келгенімді естен шығарып алыппын. «Құлағың не болды?» деп едім, ол «ойымнан айнып қалдым, Құдайдың берген құлағы ғой» деді. Оны естіп, мен қуанып кеттім.
Сөйтсем,
Құрбыма әсер еткен мына жағдай екен. Бір жігіт өзінің бала күнде боксқа қатысамын деп сындырып, қисық біткен мұрнын түзеймін деп жасатқан отадан соң оянбапты.
«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты» болып жүрмейін деп, құрбым ойынан айнапты да қалыпты.
Содан көкейде пластикалық ота жайлы сан сұрақы кептелді де қалды. Бір-екі дәрігерге хабарласып көріп едім, олардың бірі өз клиникларын жарнамалайсың деп шарт қойса, екінші бірі қорқатынын ашып айтты. Бізге небір адамдар келеді, егер сөз арасында байқамай аттарын атап қалсам, басым кетеді, сосын мені жұмыстан шығарып жібереді деп ашып айтты. Сонымен бұл тақырыпты жауып тастағанмын.
Құдай өзі бұйырса, бір-ақ сәтте екен. Бір күні ойламаған жерден жол жүретін болдым. Купедегі көршім дәл осы мен іздеген маман болды да шықты (оны да қазбалап отырып біліп алдым, әйтпесе кім ашып айтады дейсіз). Өзі сөйлеп қалған ашық-жарқын адам екен, бірақ ол да «мен кез келген сұраққа жауап беремін, бірақ аты-жөнімді жазбайсың не өзгертіп жазасың, соған уәде бер» деді. Көктен тілегенім жерден табылғанға қуанып, келісімімді бердім. Орыстың бәрін Иван дейтін әдет бар ғой, онда бұл хирургтің атын да солай деп қабылдайық, шартты түрде. Маңыздысы оның аузынан шыққан мәліметтер ғой. Ал әрі қарай әңгіме былай өрбіді:
– Қазақтың қыздары ма әлде жігіттері ме, қайсысы пластикалық отаға көбірек әуес?
– Әрине, әйелдер жағы, олар тоқсан пайыз болса, қалған он пайыз ғана жігіттер дер едім мен шамамен.
– Оған да шүкір, ал сонда еркектер нені түзегісі келеді, қызық?
– Қыз келіншектер бірінші болып көкірегін үлкейткісі келеді, сосын қабағын десек, ер азаматтар тек қисайған не сынған мұрнын түзеу үшін не болмаса құлақтарының қалқанын кішірейту деген сияқты «кешірімді» әрі құрметке лайық себеппен ғана келеді.
– Осы біздегі ота жасататын адамдардың орта жасы шамамен қанша?
– Мен сізге бір қызық айтайын, қазір тіпті өз перзентінің кәмелет жасқа толуы құрметіне осы біз секілді клиникаларда ота жасатуды сыйға тартатын ата-аналар да бар.
– Мәссаған, не үшін?
– Сірә, солар «менің неге көзім үлкен емес, ернім ұнамайды, мені неге урод қылып тудың?» деген сияқты сөздермен ата-анасының миын жеп қоятын болуы керек. Байлар ғой. Әйтпесе, солар бір құбыжық болып бара жатқан түгі жоқ. Және жарлы баласы ондай ақымақтыққа бармас та еді. Сондай бай балаларының кейбіріне тіпті жаның ашып кетеді, соншалық өзіне көңілі толмайтын «комплексі» үшін. Ал біз «бәленің бәрі келетін жақ» санайтын Еуропа елдерінде пластикалық хирургияға тек қырықтың қырқасына шыққан әйелдер ғана жүгінеді.
– Бізде қай операция түрі ең қымбат және қайсысы ең арзан?
– Алдымен арзанын айтайын... ол құлақ пен қабақ. Ал ең қымбат операция деп маммопластика, яғни, әйелдер арасындағы көкірек үлкейтуді айтар едім. Ең төменгі баға 3,5 мың АҚШ долларынан бастап, он мыңға дейін.
– Осы «бір пластикалық ота жасатқан адам тоқтай алмай қалады, ол да бір есірткі сияқты» деп жатады, сол рас па?
– Тәуелділік тудырады дейді, бірақ дәл біздің қазақтарда... ішінара бар ондай ханымдар, бірақ жағдайы жететін бай әйелдер не бай адамдардың көңілдестері болмаса, қайта қайта бізге жүгіне беруді екінің бірінің қалтасы көтермейді. Жалпы, мен пациенттерді екіге бөліп қараймын. Алғашқы топ қандай да бір мәселемен келетіндер, олар сол мәселесін шешеді де, мәз болып кетеді. Болды, оны қайта көрмейсіз. Ал сіздің айтып тұрғаныңыз сірә, екінші топ болар. Өзіне өзі көңілі толмайтындар. Кейде тіпті бет жүзінде ақауы жоқ сұлу әйелдер келгенде таң қаласыз. Байқағаныңыздай, мәселе бет жүзде емес, жүйкеде. Сондықтан біз ондай әйелдерді психиатр мамандарға жібереміз.
– Сіздер де адамсыздар, қателесулеріңіз де мүмкін. Сондайда не істейсіздер? Қайтіп түзейсіздер? Тегін бе?..
– Әрине, қателеспейтін тек ештеңе істемейтін адам ғана. Дегенмен, дәрігердің қателесуге қақысы жоқ. Сондықтан егер қателік, Құдай сақтасын, бізден болса, өзің шығынды да бәрін көтересің.
– Кескен жерде тыртық қалмауы мүмкін емес қой, олай болса оны қалай жасырасыздар?
– Кеспей ештеңені өзгерте алмаймыз. Тыртық болады. Бірақ біздің шеберлігіміз де сонда, оны барынша жасыра білуімізде.
– Көкірегін ұлғайтқан қыз келіншектер бала емізе ала ма?
– О, не дегеніңіз?! Әрине (күлді). Көкірек үлкейту деген мүгедектік болса, әйелдер үйір бола ма?
– Пластическая хирургия қайда арзан, салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанда ол қымбат па, әлде?
– Орта Азия елдерінің бағасы бір деңгейде, яғни, Өзбекстан мен Қырғызстанмен бізде шамалас. Ал Еуропа пен АҚШ, Ресейде бізден әлдеқайда қымбат.
– Туғаннан бойында олқылығы бар (айталық қоянжырық сияқты) адамдар жиі келе ме, әлде әдемі бола тұрса, өзіне көңілі толмайтын, былайша айтқанда еріккендер ме?
– Сіз айтпақшы, еріккендер (күлді). Расында біз табиғи кемтарлықты жоюдан қарағанда, эстетикалық операцияны жиірек жасаймыз.
– Қазақстанда адамның түрін мүлдем адам танымастай, басқа бір түрге ауыстыратын ота жасала ма?
– Бізде әзірге ондай жоқ, бірақ әзірге деген сөзге назар аударыңыз. Демек болады деген сөз. Бірақ бізде де небір күрделі оталар жасалады.
– Айталық?
– Сиам егіздерін ажырату. Сондай-ақ бізде тіпті жыныс ауыстыра алатын мықты хирургтер бар.
– Мынаны қараңыз, сонда бізде оған сұраныс болып тұрғаны ғой, Осы уақытқа дейін қанша ер әйелге, қанша әйел еркекке айналғанын айта аласыз ба?
– Жыныс ауыстыруды жұмыс ауыстырудан да оңай боп қалды ғой кейбіреу үшін. Өкінішке қарай, әйелдер емес көбіне еркектер, одан гөрі «қызтекелер» келеді дейінші осындай отаға. Бірақ мұндай ота жасататындардың жалпы еліміздегі саны жайлы толық ақпарат білмеймін, шыным.
– Шетел ойына келгенін жасайды дейміз, десек те біз де қалыспаймыз қазір олардан. Өз түрін қандай да бір шоу бизнес өкіліне, жұлдызға айнытпай жасағысы келетіндер бар ма бізде?
– Қуантайын ба сізді, ондай ессіздікке ешкім әлі бара қойған жоқ.
– Рахмет, бірақ еріккеннен ота жасап, соңында құбыжық боп шыға келетіндер болмай-ақ қойсыншы деп тілейікші.
– Жарайды!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста