Алматыда осымен 16 рет ұйымдастырылған "Жыл адамы - Жыл таңдауы" байқауының жеңімпаздары жарияланды. Қазылар алқасы биылғы жылы кәсібімен ерекше көзге түскен мәдениет, бизнес, медицина, өнер және спорт саңлақтарын марапаттады. Халықаралық дәрежеге ие байқаудың сыйлығын сусын саудасымен айналысатын "Тоймарт" дүкені де жеңіп алды.
Нарық заңдылығына бағына отырып, қолжетімді баға мен керемет сапа үлгісін сақтап қалған "Тоймарт" сусындар дүкені "Жыл жаңалығы" аталымында үздік деп танылды. Алматы қаласы мен облысын таңдамалы сусындар мен алькогольді өнімдермен қамтамасыз етіп отырған компанияның "Тоймарт" сауда орнынан басқа 17 -ге жуық дүкені мен 860-тан астам қызметкері бар. Кәсіп басшылары тұтынушылардың жүрегіне жол табу үшін талай қиыншылықтардан өттік -дейді.
СВЕТЛАНА ҚЫРЫҚБАЕВА, "TOIMART" компаниясының құрылтайшысы:
- Өмірде көп қиыншылықтар кездесті. Біз мына отбасылық кәсіппен айналысқанымызға 20 жылдан асып кетті. Енді бәрі болды. Қиыншылыққа төздік, бәріне шыдадық. Бүгін өте қуаныштымыз.
Байқаудың бірегей ерекшелігі - әділ қазылықта. Қазылар қорытынды шығарғаннан кейін, жинақталған дауыстарды BDO Kazakhstan аудиторлық компаниясы тексереді екен.
САБЫРЖАН МОЛДАХАНОВ, "TOIMART" компаниясының президенті:
- Бір контейнерден бастағанбыз кішкентай, базарда тұрып. Қолымызға перчатка киіп, оны кесіп, ақша санап сөйтіп бастағанбыз, бір ескі машинамен. Сол 20-25 жылдағы жетістігіміз қазір біздің. Қазақтың тойларының барлығы біз арқылы өтіп жатыр. Бізде қымыз да бар, шұбат та бар, сусындар да, тойға іздеген нәрсенің барлығы бар бізде.
Ал тұтынушыларын сапалы өніммен қатар, жеке дегустациялық бөлмелерімен таңғалдырып жүрген "Тоймарт" дүкендері жуырда Астана қаласынан көтерме бағадағы бірнеше дүкен ашуды жоспарлап қойған.
Жыл таңдауы атағына ие болу биыл қатысушылар үшін ерекше қиынға соқты. Себебі әлемдік дағдарыс әр салаға өз салқынын тигізбей қоймады. Алайда дәл осындай қиын экономикалық кезең халық алдына шынайы көшбасшыларды анықтап берді -дейді ұйымдастырушылар.
31.kz