Жусан иісі немесе адасқан жылқының иесін іздеген қазақ

«Түйені түгімен жұтқан» деген теңеуді жолда қалдырып, тіпті амалын тапса ауадан да ақша жасауға дайындар көбейіп тұрған заманда «жылқы жоғалтқан кім бар?» деп жар салған азаматтан күллі адамзат болып айналсақ та жарасатындай. «Ау, ондай адам қалды ма бүгінде?» дерсіз, бәлкім. Ақша емес, адалдықты ту еткен Алаштың арда азаматы таяуда талай жұртты таңғалдырды, тазалығымен тамсандырды.
«Мына жылқылардың осы аймақта жүргеніне екі айдың жүзі болды. Екі ай бұрын соққан қатты бораннан кейін үйірінен адасып қалған болса керек. Алғашқыда қоң­ды еді. Қазір қатты титықтап, әлсірей бастаған. Қа­лың қарға батып шыға алмай қалған кездері болды. Жыл­қы суыққа төзімді келеді, бірақ аштыққа шы­да­майды. Биыл ауа райының қолайсыздығынан қардың асты мұз болып қатып жатыр. Жылқы өз бетімен тұяғын сер­піп, қар астындағы  шөпті жей алмайды. Сондықтан өзім күнде сүйіп тамашалайтын «Таңшолпан» бағ­дарламасы арқылы жылқылардың иесін іздеуді жөн деп таптым», – дейді Қайрат Байқожа есімді азамат «Қа­зақ­стан» ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағ­дар­ламасының редакциясына қоңырау шалып.
«Астана-Көкшетау тас жолында, қаладан 20 ша­қы­рым қашықтықта жайылып жүрген жылқының иелері біз едік», – деп, аталған ақпаратты құлағы шалған қан­шама адам редакцияға хабарласып үлгерген, бірақ бі­разы жылқының ені мен түр-түсін нақ басып айта ал­май шатасса, ал редакцияға арнайы іздеп келгендері сю­жетті қайталап көрген соң, «бұл біздің жылқы емес екен» деп кері қайтса керек.
Жалпы, біздің айтпағымыз, жылқы туралы емес, оның жоғы түгенделе жатар. Баяғыда бір батыр елін тастап, жат жұртқа кетіп қалса керек. Артынан барған талай елшінің сөзін елең қылмай, көзін шел баса бастаған әлгі батырға бір тапқыр жусанды иіскеткенде, әлгінің көзінен тамшы жас үзіліп түсіп, туған еліне қайтқан еді ғой. Яғни жусанның қасиеті, кіндік кескен топырақты еске түсіргендігі болып тұр ғой. Сол секілді жаһанданудың жетегіне ереміз деп жат жұртқа еліктеп, болмысымыз да бөтен кейіпке еніп бара жатқан тұста кенет осындай бір үннің естілгені, қалғып кеткен қазақылығымызды селк еткізіп оятқандай. Кәдімгі қаймағы бұзылмаған қазақы қалып... Жылқының жоғы... Дәлірек айтсақ, жоқ іздеген емес, үйірінен адасқан жылқының иесін іздеп...
Айтпақшы, адасқан қос жануардың бірі, боз бие құ­лындауға жақын сияқты. Бұйырса, екі жылқы иесіне үшеу боп қайтқалы тұр. Жылқының иелері де Құда­йы­на қараған жандар екен, малы басқа емес, адал адам­ның үйіне барып үйірілген. Енді тек барымташылардан сақ­тасын дейік, ал жылқы жоғалтқан жан болса, «Таң­шолпан» бағдарламасының редакциясына ха­бар­лассын.
Тел: 8(7172)553815

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста