Жұмыс беруші еңбеккерді жұмыстан қандай жағдайда шығара алады?

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеп кеткені біраз елді әбігерге салып жатыр. Қазір бірқатар мемлекет шикізаттан түсетін табыстың көлемін еселеп кесіп, бюджетті бүтіндеудің жолына кіріскен. Бұл жағдай көршілес Ресейге ғана емес, мұнайды сатып, пайда көріп отырған Қазақстанға да кері әсерін тигізуде. Бюджетті қайта қарап, үнемдеу шараларына көшуге тура келетінін билік бұған дейін де ескерткен. Сосын мұндай тұрақсыздықтың толқыны түрлі түсті металдар саласына да жетті. Елімізде жұмыс істейтін бірқатар алпауыт компаниялар кейбір өндірістерін жауып, жалақыны қысқартуға мәжбүр болып отырғанын айтуда. Әрине, бұл бұқара халықтың көңіліне әсер етпей қоймайды. Әйтсе де, осындай жағдайда қарапайым халық Еңбек кодексінің негізгі талаптарын білуі тиіс. Өйткені онда жұмыс берушінің нақты міндеттері жазылған. «Алаш айнасы» интернет-порталы осы мәселеге назар аударғанды жөн санайды.
Иә, қазіргі экономикалық ахуал алпауыт компанияларға оңай соғып отырған жоқ. Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясы қазіргі күрделі экономикалық жағдайға, әсіресе, әлемдік нарықтағы мыс бағасының күрт төмендеуіне байланысты табысы төмен кәсіпорындарды жабуға мәжбүр. Бүгінде ол жерде істейтін 2000-ға жуық адамды жұмыстан шығарып, оқыту курстарына жіберу турасында шешім қабылданып отыр. Корпорациядағы оңтайландыру шаралары әкімшілікті де айналып өтпейтін көрінеді. Басқарушы мамандардың бір бөлігі қысқартылған жұмыс кестесіне ауысады. Бұдан бөлек, барлық басқару бөлімі қызметкерлерінің сыйақысы 10 пайызға қысқартылады. Ал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы ешкімге қарамай, кеншілердің жалақысын кесіп, қысқартып тастады. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының хабарлауынша, аталған шешімге компанияның кәсіподағы келісім бермеген. Сондықтан басшының бұйрығын орындауға тыйым салынды. Қазір бұл іспен прокуратура органдары айналысып жатыр.
Байқап қарасақ, ел бюджетіне қыруар салық төлеп отырған ірі компаниялар үнемдеу шараларын қолға алды. Демек, шағын кәсіпорындарға да оңай емес. Негізі, тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты адамдарды жұмыстан шығару оқиғалары орын алуы да заңды құбылыс. Оны Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы да жоққа шығарып отырған жоқ. Ұйым заңгерлері қарапайым халыққа Еңбек кодексін жан-жақты зерделеп шығуға кеңес беріп жатыр. Себебі қандай да бір жағдай бола қалса, жұмыс беруші кодекстің негізгі баптарын сақтауы тиіс. Ал ол нендей баптар?
Аталған баптарды қысқаша түсіндіретін болсақ, кодекстің 44-бабы бойынша жұмыс беруші жұмысшыны басқа жерге уақытша ауыстыра алады. Бірақ ол ауысудың мерзімі бір айдан аспауы шарт. Ал жалақының көлемі бұрыңғы жұмыс орнының 60 пайызынан төмен болмауы шарт. Ескеретін жайт, ондайда жұмысшының келісімін алу міндетті емес.
Кодекстің 48-бабына сәйкес, еңбек шарттары өзгеруі мүмкін. Бұл дегеніміз, өнім өндіру көлемі азайса, жұмыс беруші толық емес жұмыс кестесін енгізе алады. Ондайда бес күндік жұмыс төрт күнге, ал алты күндік жұмыс бес күнге азаяды, я болмаса, бір күндік жұмыс жарты күнге қысқартылады. Екі кестені қатар қолдануға да болады. Бірақ бұндай шешімге жұмысшылардың өкілдері – кәсіподақ мүшелері келісім беруі керек. Ал кодекстің 78-бабы қысқартылған жұмыс кестесін үш топқа жататын адамдарға қоюға рұқсат беріп отыр. Олар – 17 жасқа толмағандар, I-II топтағы мүгедектер және зиянды әрі қауіпті жерде жұмыс істейтіндер.
Кәсіпорында жұмыс бір орында табандап қалуы мүмкін. Егер ондай жағдай жұмысшының кесірінен болса, онда оған сол уақыттың ақшасы төленбейді. Жұмыс берушінің өзі кінәлі деп табылса, ол жұмысшылардың ақшасын төлеп беруі тиіс. Мұның көлемі орташа жалақының 50 пайызынан кем болмауы шарт.
Ал жұмысшыларды қысқарту шарасы қолға алынса, жұмыс беруші оны ақшамен өтеп беругі міндетті болады. Кәсіпорын толығымен жабылған жағдайда бір айлық жалақы төленеді. Егер тек жұмысшылардың саны ғана қысқартылса, үш айлық жалақы беріледі. Міне, Еңбек кодексінің осы негізгі талаптарын ескере отырып, жұмыс беруші қазіргі экономикалық дағдарыста осылайша әрекет ете алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста