Жол ережесін елемейтін "еркелерге" тыйым салар ешкім жоқ
Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында мегаполис көшелерінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған көлік кортежі түсірілген видеоны анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Кортежге қатысушылардың барлығы, атап айтқанда 17 шетелдік автокөлік иелері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нәтижесінде, Toyota Camry автокөлігінің 3 жүргізушісіне, Land Cruiser 200 автокөлігінің 5 тізгіндеушісіне, Lexus-тің екі және Kia көлігінің екі жүргізушісіне, сондай-ақ Mersedes Benz және Jac автокөліктерінің тізгіндеушілеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабы бойынша хаттама толтырылды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы "Маневр жасау ережелерін бұзу" және әйнектерді күңгірттегені үшін 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша екі Toyota Camry жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.