Жігіттерді көшеден әскерге күштеп әкетіп жатқаны рас па

Әскерге шақырылғандардың анасы баласын әскери комиссариатқа күштеп, заңсыз алып кеткенін және жібермей жатқанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz

Жәнияның айтуынша, нан алу үшін дүкенге кеткен ұлы әскерден бір шыққан.

"Түскі сағат 12.00 шамасында ұлым қоңырау шалды. Ол өзін әскери комиссариатқа алып кеткенін айтып үлгерді. Оның тек жасын сұрап, 18-ге толғанын естіп, бірден автобусқа апарған. Осылай көшеден күштеп, алып кететіндей елде соғыс жағдайы жоқ қой?! Тіпті, балама қылмыскердей қарайды", - дейді ол.

Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскерге шақыру бөлімінің бастығы Талғат Сарбасовтың айтуынша, әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатуға негізі жоқтар ғана алынады.

"Биыл 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейін Ақтау қаласында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, Ұлттық ұланының әскери қызметшілері және Ақтау қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды іздестіру және жеткізу, шақыру науқаны кезінде мүмкін болмағандарға шақыру қағаздарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Рейд барысында әскери есепке алуды және әскери міндетті белгілеу мақсатында әскер жасындағы жігіттерге сауалнама жүргізілуде. Жеке куәлік пен жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркелген мәліметтер тексеріледі. Әскери қызмет өткеруді кейiнге қалдыру немесе босату туралы мәлiметтер белгiленбеген жағдайда, азамат жергiлiктi әскери басқару органдарының шақыру учаскесiне жеткiзiледi. Жергілікті әскери басқарма аумағында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады", — деді Талғат Сарбасов.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста