Жезөкшелер неліктен тәнін сатып жүргендерін түсіндірді

Алматыда бір түнде 60-қа тарта жезөкше ұсталды. Бұл тек көше бойын жағалайтындар мен қонақүйлердің маңын паналайтындары ғана. Әйтпесе, пәтер жалдап, онысын жезөкшелер ордасына айналдырып отырғандардың нақты санын білу мүмкін емес. Оның үстіне, құқық қорғау орындары «түнгі көбелектердің» көбін 3 сағат қана ұстап, қайтадан жібере салуға мәжбүр.
Бет-жүзін жасырып, бұтын жалтыратып жүрген бұндай қыздар қуыс-қуыстағы жұпыны қонақүйлерде осылай топырлап жүреді. Тек клиент таппай, ақшадан қысылғандары ғана байырғы әдетке басып, көше торуылдайды. Ал жезөкшелік қызметін барынша жасырғысы келгендер пәтер жалдауға көшкен.

Келушілер үшін пәтерде құмар ойын түрлері де қарастырылған. Карта мен есірткі, онан соң қысқаетек қыздар жігіттердің жан рахатына айналыпты. Ал қыздардың мұндай жолға түсуіне бұрыннан таныс себептер бар.

-Отбасыңыз бар ма?

– Бар. Олар ешқайсысы көмектеспейді, біледі мені. Осы жақта жүргенімді біледі, сол себепті көмектеспейді маған. Мен ешкімнің алдына барып алақан жайып жүргенім жоқ. Сатсам өз арымды, сатып, өз бала-шағамды асырап жүрмін.

Қаланың тек бір ауданында жүргізілген бір түндік рейдте 60-қа тарта жеңіл жүрісті қыз ұсталды. Бұл Түрксіб аудандық ішкі істер қызметкерлерінің күнделікті жұмысына айналған. Қолға түскендердің көбі бұрыннан есепте тұрғандар. Бірақ полиуия оларға заң аясында шара қолдана алмайды.

Фархат Сыбанбаев, Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Тізім бойынша бәрін тексереміз. Үш сағат ұстаймыз, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Сосын, қайтадан жүргіземіз. Жезөкше қыздарға арнайы орын ұсынып отырған тұлғалар бойынша 16 факт анықталып, олар қазір әкімшілік сотта істері қаралады. Оларға салынған айыппұлдың көлемі 3 млн.-нан асты.

Бұл биылғысы. Ал былтыр 124 жағдай тіркеліп, 6 қонақүй мен 12 пәтер сот шешімімен жабылған. Сондай-ақ, жеңгетайлықпен айналысқандарға жыл басынан бері миллиондап айыппұл салыныпты. Бірақ одан «тән саудасының» азайғаны шамалы.
 ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста