Жетімнің күні жетілер ме?!

Жетімнің күні жетілер ме?!

Бүгінгі таңда тек Ақмола облысында ғана 2905 бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар болса, соның 873-і балалар үйінде тәрбиеленуде. Қазір 1837 баланы отбасылар асырап алған, олардың 1867-сі туған-туысқандарының қарауында болса, 150-і – патронатты отбасылардың балалары.
Жақында Есіл ауданында болған іссапары­мызда облыстық жетімдер үйіне бас сұғып, ондағы балалардың жағдайымен танысып қайтуды жөн санаған едік. Мұнда жалпы саны 165 балдырған тәрбиеленуде. «Бала – адамның бауыр еті» десек те, сүп-сүйкімді бүлдіршіндердің мөлтілдеген жанарынан жетімдіктің жүзі айқын көрініп тұрғанын қалай жасырайық.
Айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болған бір мәселе еліміздегі жетім балалардың шетелге көптеп асырылуы болатын. Оларды шетелдіктер қандай мақсатта сатып алады? Қамқорлық қылудың астарында қандай құпия жатыр? Бұл, әрине, бүкіл елді толғандырған күрделі мәселе болатын. Өйткені статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 1998 жыл мен 2011 жылдар аралығында ғана Ақмола облысынан 400 бала шетел асқан. Ал тіркелмей кетіп қал­ғанын бір Құдайдың өзі білсін. Бірақ кеш болса да «Отбасы және неке туралы» Заңның (қа­зір – кодекс) 76-бабы бойынша, 2010 жыл­дың соңынан бастап шетелге бала асыруға ты­йым салынып, тоқтатылғаны көңілге бір медеу тұтарлық оқиға болды. Сонымен қатар жыл санап өз елімізде де жетімдер үйінен бала асырап алушылардың қатарының көбеюі жанға аз да болса жылылық нұрын себеді. Жетім балаларға қамқорлық көрсеткен ата-аналарға мем­лекет те үлкен көмек көрсетіп келеді. Мә­се­лен, балалардың өз туған-туысқандары қам­қор­лыққа алса, оған – он айлық есептік көрсеткіш (15 мың теңге) мөлшерінде, ал балаға еш туыстық қатынасы жоқ, яғни патронатты ата-ана болса, 25-30 мың теңге көлемінде жалақы тағайындалады. Мұндай тәжірибе біздің тақы­ры­бымыздың арқауына айналған Есіл балалар үйінде де қолданылып келе жатқанын айта кет­кеніміз жөн.
Лидия Обухова, Есіл балалар үйінің меңгерушісі:
– Әрине, қанша мейіріммен қарап, аналық шуағыңды берсең де, баланың өз ата-анасындай бола алмасың белгілі ғой. Сондықтан да балаларды ата-анасымен табыстыруға барынша жағдай туғызуға тырысамыз. Біздегі балдырғандардың көпшілігі – ата-анасы ішімдікке салынып, ата-аналық құқығынан айырылған жандар. Бірқатары медициналық-әлеуметтік мекемелерде емдеуден өтіп, түзеліп кететіндері де баршылық. Бұл дүниеде ана мен баланы табыстырғаннан артық қандай ғанибет, қандай бақыт бар десеңізші!

Айта кететін бір жайт, жетімдер үйінің өз меншігінде түрлі көкөністер егілетін 7 гектар алқабы бар. Мұнда бүлдіршіндер өздерін-өздері картоп, сәбіз, қияр, орам­жапырақ сияқты дәруменге бай көкөніс­термен қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбекке араласа бастайды.
Леонид Шандер, жетімдер үйінің тәрбиеленушісі:
– Біздің тәрбиешілеріміз бен ұстаздарымыз балаларға өте жақсы қарайды. Мұнда біздің сапалы білім мен саналы тәрбие алуымызға толық мүмкін­шілік жасалып, зор көңіл бөлінген.

Иә, қалай дегенмен де, атының өзі суық естілетін жетімдер үйінің беретін тәрбиесі отбасына қайдан жетсін?! «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» демекші, кез келген отбасында қымбат киім-кешек пен дәруменге бай дәмді тамаққа қол жеткізбегенімен, бала үшін ата-ананың аялы алақаны мен мейірімді жүзінің орны қашанда бөлек қой, шіркін!
«Әрине, әркімнің мүмкіндігі бола бермес. Дегенмен шамасы жетіп жатса, ата-аналар жетімдер үйіндегі балаларды асырап алса, үлкен сауапты іс жасар еді десек, қателеспеген болар едік. Бізде мұндай игілікті іске ден қоюшылардың қатары аз болғанымен, шетелдерде көптеген қалталы азаматтар осындай жетім балаларға өз көмегін беруге асығады», – дейді Ақмола облыстық білім басқар­масының тәрбие жұмысы және балалықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы Жәния Дондағұлова.
Бірақ қалай болғанда да, баланы асырап алудың да біз біле бермейтін арнайы заңды қағидалары бар екені бесенеден белгілі. 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қабылданған «Бала құқықтары туралы конвенцияның» 21-бабында «Егер баланы туған елінде біреудің тәрбиесіне беру не­ме­се асырап алуды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, онда баланы басқа елге асырап алуға беруді балаға күтім берудің баламалы тәсілі ретінде қабылдау­ға болады деп таниды» делінген болатын.
Бұдан балалардың мүддесінің қорға­луы тұтас әлем үшін де, мемлекетіміз үшін де басты құндылық екендігі айқындалып шығады. Еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығында етек-жеңімізді жинап, Ата Заңымыздың алғашқы бабында «Қазақстан Республикасындағы ең басты құндылық – адам, оның құқықтары мен бостандық­тары» екендігін естен шығармай, соның ішінде жетім балаларға да көз қырымызды салғанымыз абзал болар. Жетiм-жесiр, кәрiлiк пен мұқтаждық – бойлап зерттеуге тұратын мәселе. Бәлкiм, бұл сөздер бойын­да оты, көкiрегiнде сәулесi бар талай жасқа ой салар. Ойдан ой тұтанып, жетiмдiктiң тууының түп-тамырын бiлек сыбанып iздесе, бұл бағыттағы таным-түсiнiгiмiз де едәуiр кеңейер едi.
Әрине, ақиқат жолы қашан да ауыр. Бұрын әр ру, әр әулет жетiмдерiн сыртқа тебудi намыс көретiн. Жетiмдi сыртқа тебу  сүйекке таңба, елдiкке мiн едi. Осы бiр ағайынның ауызбiрлiгiн, адамгершiлiгiн танытатын қасиет ауылдық жерлерде әлi де сақталған. Iзiмiздi басып келе жатқан ұрпақтың бойына осы ұлы қасиеттi сiңiре алсақ, iргемiздiң берiк болары хақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста