Жетімдер үйіндегі балалар неге сүндеттелмей жатыр?

Жетімдер үйіндегі балалар  неге сүндеттелмей жатыр?

Мұсылманның бір парызы– сүндетке отырудың медициналық тұрғыда қаншалықты пайдалы екендігінен қазір мұсылман тұрмақ, өзге дін өкілдері де жетік хабардар. Алайда сүндеттеудің әдіс-амалдары төңірегінде біреу білсе, біреу біле бермейтін қыр-сырлары пайда бола бастады. Бұл бір жағы медицинаның қарқынды дамып бара жатқандығымен байланысты болса, екінші жағынан сүндеттеуді табыс көзіне айналдырып жүргендердің белсенділігінен болса керек.
Айтса, айтқандай-ақ, қазір «сүндетке отырғыза­мын» деген жарнамадан шалы­нып жығылуға бола­тын­дай-ақ. Ал солар­дың барлығы қаншалықты тә­жіри­белі, оны біле бермейміз. Сондықтан да ата-ана­лар­дың ұлына «сүндетжейде» кигізіп, «сүндеткөрпе» тігерде  осы жағына аса сақ болғандары жөн. Өйткені, ес­туімізше, ба­ла­лар ауруханасына соңғы кездері сүндет­телгеннен кейін стационарда емделуді қажет ететін жағдайға душар болып  қалатындар жиі түсе­тінге ұқсайды. 
Оны уролог-хирург, медицина ғылы­мының докторы Медет Балтабеков те рас­тап отыр.
– Қазір әйтеуір «қолымда медициналық дипломым бар екен» деп сүндетке отыр­ғызумен көз маманы да, тіс дәрігері де ай­налыса береді. Тіпті, медицинаның қанша сала­сы болса, соның қай-қайсысында да қыз­мет етіп жүргеннің кез келгені сүндетке отыр­ғызып жатса, таңғалмайсың.
Әрине сүн­детке отырғызу ақылы болғандықтан, кім­нің де нәпақа тапқысы келетіні түсінікті ғой. Жалақының аздығы ғой итермелейтін осы­ған. Бірақ ер баланың өміріндегі айту­лы бір белес – сүндеттеуді тәжірибелі ма­ман­ға ғана тапсырған жөн. Сүндеттеу – ер балалардың зәр шығару мүшесінің ұшын­дағы теріні алып тастау арқылы жасалады. Бұған айрықша тоқталып отырғандағы себебім, медицина­лық тілмен айтқанда, «циркумцизия» жасаудың  әр мұсылман елінің өзіне тән қалыптасқан діни, мәдени, эстетикалық жақтары былай тұрсын, бала­ның өмірі мен денсаулығына келер зиянды да ұмытпаған жөн. Егер дұрыс кесілмесе, қан тоқтамай, болмаса жарасы асқынып, іріңдеп кетуі де мүмкін. Тіпті мүгедек болып қалғандар да сирек болса да кездеседі. Жаңа дұрыс айттыңыздар, қазір мәселен, №1 балалар ауруханасында, жоғарыда сөз болғандай, сауатсыз дәрігердің қолына тап келіп, зардап шегіп жатқандар баршылық. Егер осылай жалғаса беретін бол­са, арты жақсылыққа апармайды. Кей­де маған бұрын дұрыс сүндеттелмей, екін­ші қайтара келіп жатқандар да жоқ емес. Осы­ның барлығы екі жақтың да сауатсыз­ды­ғының кесірінен дер едім. Тағы бір айт­па­ғым, ұлдарын молдаларға апаратындар әлі күнге дейін бар. Менің ойымша, «клас­си­калық» жолды қойып, тек медицинаның ғана көмегіне жүгінген дұрыс.
Әлбетте, біз Медет Балтабековтен сүн­дет­теймін деп, кейбіреулерді сергелдеңге салып жүргендерді қалай тоқтатуға бола­т­ы­нын сұрадық. «Ауруханаға түскен бала­ны сүндетке отырғызған кім екенін анықтау ке­рек деп ойлаймын. Оның осындай хи­рур­гиялық ота жасауға рұқсаты бар-жоғы сол кезде білінеді. «Артық қыламын деп, тыртық қылып» жүргендерге тиісті жазасын беріп, бақылауға алудың ең тиімді жолы – осы», – дейді ол.
Расымен де, мұсылмандықтың бір бел­гісі – сүндеттеуге ықтияттық қазақ үшін осы­­лай болғаны дұрыс та шығар. Әйтпесе кім біледі, күндердің-күнінде сүндеттеудің ис­лам дінінен өзге Орталық Америка үн­діс­те­рінің, африкалық тайпалардың, бол­ма­са, еврейлердің тәсілдері еніп кетіп жүре ме?
Тағы бір түйінді мәселе, «жетімдер үйін­­­­де өсіп жатқан мұсылман балалардың бар­лығы дерлік сүндеттелмейді екен» де­ген әң­гімені көп естіп жатамыз. Бұл жөнінде сөз ара­сында Медет Балтабеков те айтып қа­л­ды.
– Сүндеттелген баланы белгілі бір уа­қыт­қа дейін күту керек. Оған дәрі-дәр­мектер де қажет болып жатады. Оның үстіне, сүндетке отырғызу – қазір ақылы. Сол себепті де балалар үйі үшін бұл қиынға соқпақ. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды мекеме басшылығы сүндеттеуге асықпайтыны маған бесенеден белгілі. Ержеткен мұсылман балаларының сүндет­телуге кейін өздерінің баруына тура келеді. «Ештен кеш жақсы» әрине, бірақ уақыты өтіп кеткеннен кейін сүндеттелу денсау­лыққа қауіпті.
Сөз болып отырған мәселені дұрыс жол­ға қоймаса болмайды. Бәлкім, ауруха­на­лармен келісіп, балалар үйлерінде тәр­биеленіп жатқандарды дер кезінде сүн­деттеуді мемлекеттік тұрғыда шешу керек шығар?
Иә, кейбір кездері жетімдер үйінің тәр­бие­ленушілеріне қайырымдылық жаса­лып, мұсылманның бұл парызын қалталы жан­дар мен Түркиядан осы мақсатта ар­найы келген жандар өтеп жатады, оны бі­ле­міз. Бірақ біреулерге сенім артып отыра беруге болмайды ғой. Олар бүгін бар, ер­тең жоқ, – дейді ол жанашырлықпен. 
Бұл Алматы қаласы білім беру басқар­ма­сының мектепке дейінгі және интернат ме­кемелері бөліміндегілердің жауапкер­ші­ліктеріне жүктеліп отырған шаруа бол­ған­дықтан, біз анық-қанығын білмек бо­лып, бөлім бастығы Қорлан Алтынбек­қызы­мен хабарласқан едік. Ол сауа­лымызға:
– Мен мұндай кемшіліктердің бертінге дейін орын алғанын мойындаймын. Рас, ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларды сүндетке отырғызу мәселесінің машақаты көп болды. Олардың арасында сүндеттелмей қалып, ержетіп кеткендер шынымен баршылық. Алайда қазір мұсылманның парызын өтеуді мықтап қолға алдық. Қазір интернат тәрбиеленуші­лерін уақтылы сүндеттеуге айрықша кө­ңіл бөліп отырмыз. Қайырымдылық көрсе­тушілердің қолдауымен тіпті сүндет той жа­сауды да жолға қойдық, – деп жауап қа­йыр­ды. «Дұрыс болған екен» дегеннен бас­қа алып-қосарымыз жоқ әрине.
Ал, жалпы, әңгіме өзегі болған мә­се­леде бірқатар түйінді түйткілдер баршылық. Сөз соңында айтарымыз, мұсылман елі бол­­ған­дықтан, оған жол бермеуге тиіспіз.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК: Сүндеттеу біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдары ежелгі Мысыр­дан бастау алса керек. Деректерді алға тартсақ, Жер шарындағы еркек кіндіктілердің алтыдан бір бөлігі сүндеттелген. Ал БҰҰ мәліметі «сүндеттелген­дер­дің саны 670 миллионға жуық» дейді. 1,5 миллиардқа жетіп жығылатын мұсылмандарды былай қойғанда, қазір Еуропа елдерінің халықтары арасында балаларын сүндетке отырғызып жататындар саны артып келе жатқанға ұқсайды. Өйткені сүндеттеудің қаншалықты пайдалы екендігі медициналық тұрғыда дәлелденіп отыр.
Айтпақшы, қытайлық мамандар жылдам сүндеттейтін құрылғы ойлап та­уып­ты. Авторы – өнертапқыш Цзянь Чжуңшаң.  Бұл медициналық құрал ең ал­ғаш Кенияда сыналған. Өйткені Африка елдерінде түрлі аурулар тарап кеткен. Ал сүндетке отырғызу арқылы солардың талайының алдын алуға болатын көрі­не­ді. Құралдың көмегімен әдетте 20 минутқа созылатын мұндай отаны енді бес-ақ минутта жасаудың мүмкіндігі тумақ. Әрі ешқандай зардабы болмайды деседі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста