Жесір әйелге порно жіберіп, секс жайлы сөз қозғаған атышулы дінтанушы Абдулла Бақадыр кім?

Кешелі бері дінтанушы Абдулла Бақадырдың жыныстық қатынас жайлы анайы әңгімесі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің ашу-ызасын туғызды.

Сонымен күйеуі жоқ келіншекті төсекке тарту үшін түрлі анайы сөздер жазып, порно суреттер жіберіп жүрген дінтанушы Бақадыр кім? Оны білу үшін Caravan.kz медиа-порталы тілшілері зерттеу жүргізіп көрді.

Атышулы дінтанушының жеке өзі жайлы мәлімет ғаламторда өте аз. Белгілісі, ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазақстан журналистер одағының мүшесі және дінтанушы ретінде белгілі.

Өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдағаны туралы жазылған. 1969 жылдан бері отбасылы екені көрсетіліпті.

Ал қандай діни білім алғаны жөнінде дерек жоқ. Кейбір мәліметтерге қарағанда Рәтбек қажы мен Әбсаттар қажының кеңесшісі болған көрінеді.
Өзі жайлы мәлімет аз болғанымен, оның БАҚ беттерінде сұхбаттары мен пікірлері жетерлік.
Мәселен, 2014 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында көрсетілген «Иман айнасы» хабарында жиі қатысып, түрлі өзекті тақырыптар бойынша ой айтқан. Онда зікіршілер туралы және Исматулла мағзұмға қатысты да пікір білдіріпті.

Бұған қоса Абдулла Бақадыр дәл сол жылы ОҚО дін істер басқармасының тапсырысы бойынша түсірілген "Дінімізге берік, дәстүрімізге бекем болайық" бағдарламасының тұсаукесерін жасап, бағдарламаның жүргізушісі ретінде көрінеді. Абдулла Бақадыр бұдан кейін де телеарналардан көрінген.

Ал биыл дінтанушы еліміздегі барлық құрылымдарды салафизм жайлауда. Олардың басым бөлігі билікте, басшылық қызметте, деген пікір айтты.Бұған қоса ол «Мешітке баруды қойдым. Өйткені онда салафиттер қаптап кеткен»,- деген мәлімдемесімен есте қалды

Дінтанушының әлеуметтік желіні жиі пайдаланаты байқалады.Онда қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын өтеген кездегі суреттері де жүктелген.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста