Жемқорлыққа жол ашатын мамандықтыр

Қазақстан жемқорлық пен парақорлық жөнінен 2014 жылдың қорытындысы бойынша 175 елдің ішінде 126-орынға табан тіреген. Мұндай анықтаманы «тransparency International» ұйымы есептеп шыққан. Аталмыш ұйым әлемдегі 2014 жылғы жемқорлық деңгейі жайлы есебін, мемлекеттік басқару мен іскерлік ахуал мәселелері бойынша сараптама жасауға маманданған тәуелсіз ұйымдардың мәліметтеріне сүйене отырып жасаған. Сараптамада Қазақстандағы жемқорлық деңгейінің төмендеуін арнайы жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнаманы реформалауға күш салып жатқанымен, ол заңның әсіресе сот жүйесінде нашар қолданылып отырғанын айтқан.
Иә, бұл күнкөрістің қарекеті ме, әлде адамның араны ашылған сайын құлқыны құр өзегін тырнай түсе ме, әтеуір ел болып еңсемізді түзей бастағанымызға ширек ғасырдай уақыт өтсе де, елдегі жемқорлық пен парақорлық дерті асқынып тұрғаны жасырын емес. Елдегі ұсақ парақорларды айтпағанда, қазына қаржысын өңешінен өткізіп жіберіп, шетелге тайып тұратындардың санынан жаңылысатын жағдайға да жеттік. Е, осындайда қазекемнің «істеген жерден тісте» деген қысыр сөзі еске түседі ғой. Ал жайлы қызметке жайғасқан соң, әлгілер тістемек түгілі, борбайымен қоса жұлып алмасына не дерсің? Кейде, осы парақорлар мен жемқорлар ертеңгі ұрпағының өздері туралы қандай ойда болатынын біле ме екен? Білсе, де қу құлқын не істетпейді...
Сонымен, ертеңгі ұрпағы өз әке, аталарымен мақтана алмайтын мамандық иелері кімдер? Бұларға қандай салалар жатады? «Қамшы» порталы санамалап көрген еді.
Шенеуніктер (депутат, министрі т.б.). Бірі ұйықтап, енді бірі басқа нәрсемен шұғылданып, ал қандай да бір заң жобасы қабылданар тұста бір партияның өкілдері секілді, бірауыздан қолдай жөнелетін депутаттар бар ғой. Белгілі бір ұйымның немесе партияның мүддесі үшін барын беріп жіберуге даяр тұратын. Айтпақшы, лоббилер. Иә, біздің елдің депутаттарының аса белсенділігі өздерінің жалақылары туралы сөз болғанда қатты байқалады. Қалған кезде ұйқыдағы арудай тып-тыныш жатады. Естеріңізде болса өткен жылдың күзінде бұл кісілер бір ауыздан жалақыларының аздығын айтып шағымданған болатын, ал қаржылық тапшылыққа байланысты барлық жерде мемлекет қаржысын үндемдеп жатқанда бұл кісілер жалақыларын қорғап белсенділік танытуы күмән туғызады екен, сонда сірә біздің елдің депутаттары парламентте тек жоғары жалақы алу үшін жүр ме?
Жолпол. Жол полиция қызметкерлері де парақорлық дерті жайлаған мамандықтар қатарында. Оған таң қалатын түгі жоқ. Былайға көлік жүргізушілерінің айтуынша – трассаның нағыз корольдері солар. Пара алмайтын жолпол бар десе, ешкім сенбейтіні тағы рас. Ертеңгі ұрпақ «менің атам жолпол болған» деп мақтана қоюы ек ітайлай, ә?
Қазіргі білім беру саласы, атап айтсақ директорлық. Білім және ғылым министрлігінен қанша бұйрық шықса да, мектеп әкімшілігі сынып қоры, мектеп ғимаратын жөндеуге қажетті қаражат деген желеумен, оқушылардың ата-аналарынан ақша жинауды бұлжымас әдетке айналдырған. Бұл жұмысты директордың бұйрығы бойынша оқу ісінің меңгерушілерінің қатаң талап етуімен сынып жетекшілері атқарады. Наразылық білдірсеңіз: «Бұл ата-аналар комитетінің келісімімен жүзеге асып отыр, олар өз балаларынан несін аясын?» — деп, сізді ұятқа шақырады.
Денсаулық саласының да маңдайы жарқырап тұрғаны шамалы. Бүгіндері тегін емделудің “атасы” баяғыда өліп, бұл сала ақылы болып кетті. Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, бар тапқан-таянғаның ем-дом алып, денсаулығыңды түзеуге кетеді. Тегін емдейді деген ауруханалардағы кезек күту машақатынан зәрезап болған науқастар ақыры ақылы жекеменшік ауруханаларды жағалайды. Онда да өзіндік тәртіп орныққан, бір дәрігерге кірсең, ол екіншісіне, ол әрі қарай үшіншісіне сілтеп, не керек, талай есік-тесіктен өтесің. Неге екенін білмегендіктен, олардың айтқандарын істеуге тура келеді. Шындығында, бұл маған сыбайлас жемқорлықтай көрінеді, яғни қажет болсын-болмасын барлық денсаулық бөлімдерінен өткен науқас бір-бірін қолдаған қызметтес әріптестердің құлқынын толтырады.
Келесі жемқор сала — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы. Біздің қалтамызды қағудан алдына жан салмайтын салада кемшіліктер шаш етектен. Электр желілері, су мен жылу құбырларының әбден тозығы жеткен. Бұдан басқа, осы салада жұмыс істейтіндер тарапынан ұрлап-жырлау да аз кездеспейді. Кезінде тұрғындардың төлемдерін қалталарына басып алып, шетел асып кеткен бірқатар ПИК төрағалары жайлы материалдар БАҚ-тарда аз жарияланбаған еді ғой.
Көші-қон полициясы. Ең парақорлықтың қайнаған ортасы десек жаңылыспаған болар едік. Қарапайым көші-қон картасының мерзімін ұзартудың өзі ақша тұратынын ескерсек, соңғы жылдары Қазақстандағы еңбек эмигранттарының саны едәуір артқандығын көреміз.
Экономикалық қызмет саласы(Салық комитеті). Қарапайым сөзбен айтқанда, еліміздің ішіндегі һәм сыртындағы барлық сыбайлас жемқорлықты қадағалап отыратын салық комитетінің де жағдайы мәз емес екені айтпаса да түсінікті. Мысалы, биылғы жылдың өзінде салық комитеті төрағалары «қылғытқанын» өңешінен өткізе алмай, тұтылып қалғандығы туралы БАҚ-та аз жазылмады. Бір ғана мысалы, Павлодар облысы салық комитетінің төрағасы 50 мың теңге пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.
Есепші мамандығы да былығы мен шылығы тасып жатқан мамандықтар қатарына кіреді десем, біреулер сенер. Бір ғана мысал, күні кеше ғана еліміздің ең беделді ЖОО-ның бірінде 500-ге жуық студенттің жылдық оқу ақысын жымқырып кеткен есепшілер туралы қазақстандық БАҚ жарыса жазған болатын.
Маклер (делдалдар). Кезіндегі жер сатқандар мен пәтер сатқандар да, алыпсатарлар мен жетім бұрыштағылар. Мұның бәрі, сатушы мен сатып алушының арасындағы ауадан ақша істеушілер де мақтан тұтарлық мамандық емес екеніне келісерсіз.
Балабақша директорлары. Сырттай қарағанда төмен жалақыға күн көреді. Ал өздері қымбат көліктер мен құндыз жағалы тондар киінеді. Түсініксіз жәйді түсіндіріп әуре болмай-ақ, қояйын.
Қызмет бабын пайдаланып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әрекеті қазына қаржысын миллиондап, миллиардтап жымқырып, материалдық шығын әкеліп қана қоймай, халықтың сеніміне селкеу түсіріп, сол арқылы ұлттың болашағына қауіп төндіріп тұрғаны ащы шындық. Міне, біз санамалап өткен мамандықтар жемқорлық дертінің асқынып тұрған ошақтарының азы ғана. Сіз не дейсіз?

qamshy.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста