Желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс трансгендер Аяны қайта еркек қалпына келуге көндірді

Желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс трансгендер Аяны қайта еркек қалпына келуге көндірді

Желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс трансвестит Аямен ұзақ уақыт дауласып жүріп, оны бұрынғы өміріне оралтты. Ая жігіт қалпына келіп, қызтеке өмірімен қоштасты.

Бұл туралы “Өзге Қазақстан” бағдарламасында айтылды. 

 
Өзін Ая деп таныстырған трансвестит бұған дейін телеарналарға келіп, өмірбаянын айтқан еді. Желі арқылы көпшілікке таныла бастады. Отбасынан зәбір көрген соң азғындық жолға түскенін мойындады. Жақын ағайын-туысымен араласпай келді. Өз ортасы бар еді.

Ал жақын күндері желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніспен ұзақ сөйлесті. Диалог соңында үлкен қадамға барды. Жігіттің киімін киіп, бетіндегі бояуын сүртті. Өзін Нұрбақыт деп таныстырып, қызтеке ғұмырымен қоштасты. 

“Мен 2020 жылдың 5 тамызынды қыз болып киіндім. Аяның образын жасадым. Бір жыл жақсы роль сомдадым. Ол менің ойымнан туған кейіпкер. Мен өзімнің әрекетімнен әлі күнге дейін жиіркенемін. Мүмкін бала болдым, мүмкін жас болдым, ортама еліктедім. Еліктеушіліктен туған шығар. Бірақ мен үшін бұл өте ауыр болды. Мен өзімді алдап келдім. Таңертең оянғаннан, түнгі ұйқыға жатқанша мен арпалыстым. Өзімнен жиіркеніп келдім. Ақырында жігіт болғым келді. Қайта өміріме, нағыз өміріме оралғым келді. Тура бір жыл өтті. Бұл мүмкін сәйкестік шығар”, – деді Нұрбақыт. 

Өзін енді Нұрбақытпын деп таныстырған ол енді жігітше өмір сүрмек. Оқуын жалғастырып, жұмысқа тұрғысы келеді. Бастысы қоғам қабылдаса екен дейді. 

“Мен Ая деп қабылдаған қоғам, Нұрбақытты да қабылдайды. Басқа амалы жоқ. Себебі бұл шынайы образ. Мен егер бұған дайын болмасам, жігіттің киімін кимес едім. Бояуымды сүртпес едім. Мен өлімнен қорықпайтын адаммын. Мен ешкімнің сөзінен қорықпаймын. Маған аздаған уақыт керек”, – деді ол. 


"Қайтқым келеді, барсам елге болмай ма?" Ая есімді қазақстандық трансгендер туыстарынан кешірім сұрады


Ал желтоқсаншы Гүлбахрам Жүніс Нұрбақыттың қадамын үлкен шешім деп атады. Оны саналы адам қолдайды деп сендірді. 

“Нұрбақыт жетім өскен бала. Жетім бала әркімнен мейірім күтеді. Мейірім күтіп тұрады. Көшедегі мысықтан да мейірім іздейді. Ал өзіне жасалған зомбылықтау ауыр соққы алған. Сосын азғындық жолға түскен. Мұны кекшілдіктен жасаған. Кек алудың, ерегесудің түкке керегі жоқ. Тек ондай жауыздарды Аллаға тапсыру керек. Алладан асқан құдірет жоқ. Мейірім іздеген бала адасты. Еліктеді. Солай жеңбек болды. Бірақ оның дұрыс емес екенін түсінді. Намысы болған соң кері қайтты. Ақылы болған соң түзелді. Басқалар одан үлгі алса деймін. Өзі секілді осы жолда жүргендер керісінше Нұрбақыттан үйренсін. Біреудің сөзін елеудің керегі жоқ. Ел көре алмаған соң айтады. Менің бір ұлым бар еді. Енді екеу болды. Жанашырым бар деп ойла. Әрдайым қолдап жүремін. Оқуға түсерімін. Жұмыс істейсің. Әйел аласың. Бәрінде қасыңда боламын. Бастысы дұрыс жолда жүр. Ойыңнан айныма. Ақылы бар адам сені түсінеді, қолдайды. Қоғамға сіңіп кетуге көмектеседі”, – деді Гүлбахрам Жүніс. 

Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындаған еді. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған деді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста