Желтоқсанды жырлаған ақындар марапатталды

Бірінші желтоқсан күні Қазақстан Жазушылар одағының мәжіліс залында «Тәуелсіздік бастауы – желтоқсан» республикалық жыр мүшәйрасының ақтық сыны өтіп, жеңіпаз ақындарды марапаттау рәсімі болып өтті.
Мүшәйраға Бақытжан Момышұлы, Те­мірхан Медетбек, Ибрагим Исаев, Қазы­бек Иса сынды қаламгерлер қазы­лық етті.
Сонымен:
Бас жүлде – ZAZ Chance маркілі авто­көліктің иесі – Бақытбек Смағұл танылды.
1-орын – (500 000 теңге) Аманғазы Кәрібжанұлы мен Әлібек Шегебайға;
2-орын – (300 000 теңге) Талғат Еш­ен­ұлы мен Асқар Көбенұлына (ҚХР);
3-орын – (200 000 теңге) Алмас Те­­мір­бай мен Ақберен Елгезекке бұ­йыр­ды.
Арнайы жүлделер (әрқайсысына 100 000 теңгеден):
Тоқтарәлі ТаңжарыққаҚайрат Рыс­құлбеков атындағы;
Жарас КемелжанғаЕрбол Спатаев атындағы;
Динара Мәлікке Ләззат Асанова атын­дағы жүлде табысталды.
Барлық жеңімпаздарды «Тарихи әді­лет­тілік» Республикалық қоғамдық ко­ми­тетінің төрағасы Смағұл Елубай, осы жо­баның бастамашысы Азат Перуашев және «Ұлы дала» Республикалық қоғам­дық бір­лес­тігінің жетекшісі Ғабиден Жә­ке­ев құт­тықтап, ақындарға шығар­ма­шылық табыс тіледі. Жүлделі шығар­ма­лар мен мү­шәйраға тапсырылған өзге де таңдаулы өлең­дер республи­ка­лық басылымдарда жа­рияланып, же­ке кітап болып шығады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста