Желідегі тараған видеодан кейін колония басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Алматы облысында колония бастығының орынбасары атқарып отырған лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаңтар айында әлеуметтік желілерде Алматы облысының колониясындағы заңсыз кездесулер туралы ақпарат пайда болды.

 

ҚАЖ департаменті осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізді.

 

Тексеру барысында сотталғандардың бірінің туыстары мекеме әкімшілігіне шағымданғаны анықталды. Колония қызметкерлерін заңсыз әрекеттерге айыптай отырып, сотталғандардың туыстары шағымдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен қорқытты.

 

Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, мекеме бастығының орынбасары сотталғанды колонияға келген туыстарына БӨП торы арқылы көрсетуді тапсырды. Кейіннен бұл жағдай БАҚ өкілдеріне сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігімен заңсыз кездесу ретінде ұсынылған.

 

Сондай-ақ бейнежазбаларда көрсетілген басқа да фактілер бойынша қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құрамдас бөліктері бар қолданыстағы нұсқаулықтардың бұзылуы анықталған жоқ.

 

Сонымен қатар қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме бастығының орынбасары жіберілген бұзушылықтар үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

 

Бұдан басқа, бірқатар басқа да қызметкерлер, оның ішінде мекеме басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста